Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының территориясында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 23-құжат) сәйкес жыл бойы тұрақты қолданылып келген уақыт белдеуін бір сағатқа ұзартып жүргізу Атырау облысы үшін 1999 жылғы наурыздың соңғы жексенбісінен бастап жойылсын, осы облыстың төртінші сағаттық белдеуде орналасуы сақталсын.
2. Атырау облысының әкімі осы қаулыға сәйкес уақыт есептеу тәртібіне көше үшін қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекеова А.