Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығындағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы бiтiмгершiлiк батальоны бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк даярлығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазармалар орналасқан 0,6 га жер учаскесiн қоспағанда, Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза поселкесi ауданындағы бұрын Өзбек КСР Iшкi iстер министрлiгiнiң 7476 әскери бөлiмiне берілген, алаңы 252.82 га жер учаскесi қайтып алынсын және жердi пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 32039 әскери бөлiмiне берiлсiн.
2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi белгiленген тәртiппен Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарығаш ауданындағы Дарбаза поселкесiнiң ауданындағы алаңы 2000 га жер учаскесiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 32039 әскери бөлiмiне берсiн.
3. Қазармаларды қоспағанда, әскери қалашықтың мүлкi жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне берiлсiн.
Бұрын Өзбек КСР-нiң Iшкi iстер министрлiгi 7476 әскери бөлiмiнiң
пайдалануында болған қазармалар Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш
ауданы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
4. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1958 жылғы 15 шiлдедегi N 1145
өкiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген өкiмге қосымшадағы реттiк нөмірі 1-жолдар алынып
тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.