Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Академик Қ.И. Сәтпаевты мәңгі есте қалдыру туралы" 1998 жылғы 14 сәуірдегі N 332 P980332_ қаулысын іске асыру мақсатында және оның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой салтанатына дайындық пен оны өткізуге арналған шығыстардың бекітілген бірыңғай сметасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрлігі Павлодар облысының әкімімен бірлесе отырып 1999 жылдың
1 шілдесіне дейін Теңдік аулына кіретін, жалпы ұзындығы 10 шақырым, құны
58 (елу сегіз) млн. теңге болатын Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Павлодар
облысының шекарасы автомобиль жолы учаскесінің 1999 жылға арналған
республикалық бюджетте "Жол жүйесін республикалық деңгейде пайдалану"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен салынуын қамтамасыз
етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.