"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының мектептеріне герман оқытушыларын жіберу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 393

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті

Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының

мектептеріне герман оқытушыларын жіберу туралы келісімді бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                      Жоба


              Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия

     Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан

     Республикасының мектептеріне герман оқытушыларын жіберу

               туралы келісімді бекіту туралы


     1997 жылғы 26 қарашада Боннда жасалған Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы

Қазақстан Республикасының мектептеріне герман оқытушыларын жіберу

туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



             Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

     Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы

          Қазақстан Республикасының мектептеріне

            герман оқытушыларын жіберу туралы

                     Келісім


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті

Республикасының Үкіметі,


 
       Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасының арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және тереңдетуге ұмтыла отырып,
      Еуропада мектептегі білім беру саласындағы Хелсинки Қорытынды актісінің ережелерінен туындайтын міндеттерді орындау қажеттігін түсіне отырып,
      Қазақстан мектептеріне герман оқытушыларын жіберу жолымен қолдау көрсетуге және Қазақстан Республикасындағы неміс азшылықтарының мәдени және ұлттық өзіндік ерекшеліктерін сақтауға әрі неміс тілін үйретудің жалпы дамуына және жекелеген пәндерді неміс тілінде оқытуға үлес қосу тілегін білдіре отырып,
      Қазақстан Республикасында неміс тілін және мәдениетін тиянақтырақ білу екі ел арасындағы мәдени байланыстарды әрі қарай дамытуға бағалы үлес қосатынына сенімді бола отырып,
      1994 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім негізінде,
      төмендегілер жөнінде келісті:
 
                             1-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар қазақстан мектептеріне әдістеме бойынша герман оқытушылары мен мамандарын жіберу жолымен қолдау көрсетуге уағдаласты. Герман оқытушылары неміс тілі оқытушыларын және жекелеген пәндерді неміс тілінде беретін мұғалімдерді даярлау және біліктілігін көтеру саласында жұмыс істейтін және неміс тілін ана тілі ретінде, атап айтқанда Қазақстан Республикасының тегі неміс Қазақстан азаматтары тұратын аймақтарында оқытатын болады.
 
                              2-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 31 желтоқсанға дейін келесі оқу жылының басталуы алдында Германия Федеративті Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы қызметтің көзделген салалары, мектептер, пәндер, герман оқытушыларының қажетті саны және олардың тиісті біліктілігі туралы мәлімдейді.
 
      2. Германия Федеративті Республикасының Үкіметі оқу жылының басталуына дейін немесе тиісінше сабақтың басталуына дейін үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы олардың Қазақстандағы жұмысына Герман Тарабы жәрдем көрсетуге ниет білдіріп отырған оқытушылардың фамилияларын, пәндерді және біліктілігі туралы мәлімдемелерді хабарлайды. Қажетті жәрдемнің қолданыс мерзімінен басқа хабарламада ұсыныс ретінде пәндер мен жекелеген оқытушылар жұмыс жасайтын мектептер көрсетілуі тиіс.
 
                         3-бап
 
      1. 2-бапта көрсетілген оқытушылардың жұмыс берушілері - құзырлы қазақстандық ведомстволар болып табылады. Олар таңдалып алынған оқытушыларға олар кеткенге дейін жұмыс орны мен шарттарын көрсете отырып, жазбаша ақпарат береді және олар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін аталған оқытушылармен тікелей шарт жасасады. Оқытушылар осылай отандық жұмыскерлер сияқты құқықтық дәреже алады. Қазақстанның Үкіметі оларға қазақстандық оқытушыларға берілетіндей әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
      2. Еңбек шарты алғашқы кезде бір оқу жылының мерзіміне күшінде болады. Егер ол осы оқу жылының аяқталуына алты ай қалғанға дейін бұзылмаса, оның қолданысы тағы да бір жылға өздігінен ұзартылуы мүмкін, оның жалпы қолданыс мерзімі ең көп дегенде алты жылға дейін қайталануы мүмкін. Шартты бұзудың себептері әріптеске шарт бойынша хабарлануы тиіс.
      3. Оқытушылар аптасына неміс тілінен, ұзақтығы елдегі белгіленген нормаларға сәйкес 25 сабақ өткізуге міндетті. Олар қажет болғанда, қосымша сабақтар өткізуге міндетті, алайда олардың саны аптасына үш сабақтан және жылына 40 сабақтан аспауы тиіс. Әйтсе де арнайы тапсырмаларды орындаған жағдайда сабақтардың апта сайынғы саны қысқартылуы мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасындағы каникулдар кезінде бұл оқытушыларды, оларға ең кем дегенде 30 жұмыс күндік үздіксіз демалыс беру шартымен, жаздық курстар шеңберінде 4 аптадан көп емес пайдалануға болады.
      5. Шарт бойынша төлем ретінде герман оқытушылары аталған мектепте, олар ең кем дегенде екі жылдық стажы бар оқытушылардың еңбек ақысына сәйкес болуы тиіс әдеттегі қазақстан оқытушыларының еңбек ақысын алады. Еңбек ақы сондай-ақ каникулдар кезінде де төленеді.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі герман оқытушыларына әдеттегі жергілікті бағамдар бойынша жергілікті валютада жалға беру ақысымен қызметтік пәтерлер береді.
 
                             4-бап
 
      1. Герман оқытушыларының сабақтарына сарапшы-кеңесшілер, Федералдық әкімшілік ведомствосының Шетелдердегі неміс мектептерін басқару орталық басқармасының өкілдері және Федеративті Германия Республикасы жерлерінің Мәдениет және білім министрлерінің тұрақты конференциясының Өкілдері қатыса алады.
      2. Федеративті Германия Республикасы жерлерінің Мәдениет және

 

білім министрлерінің тұрақты конференциясының Өкілі герман

оқытушысына жұмыс берушісінің тапсырмасы бойынша оған қызметтік мінездеме

сұрата алады.


                      5-бап


     1. Шарттық еңбек ақыға қосымша Герман Тарабы оқытушыларға

қаржылық өтемақы, сондай-ақ көшіп-қону бойынша шығындар үшін паушалды

жәрдемақы береді.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2-бапта көрсетілген

оқытушыларды салық төлеуден және осы баптың 1-тармағында көрсетілген

табыстардан фискалды алымдар төлеуден босатады.


                       6-бап


     Іс-сапарға жіберілген герман оқытушыларының дәрежесі 1994 жылғы

16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия

Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық

туралы келісімге қосымша берілген Дәреже мәселелері туралы қосымшаға

сәйкес

анықталады.


                       7-бап


     Қазақстан Республикасының Үкіметі 2-бапта көрсетілген

оқытушыларға, дипломатиялық дәрежесі жоқ шетелдіктер үшін

қарастырылған жеке басының куәліктерін береді.


                       8-бап



 
       2-бапта көрсетілген оқытушылар осы Келісімге сәйкес оларға жүктелген оқыту міндеттерін орындауға байланысты келтірген зияны үшін, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары шеңберінде қазақстан оқытушылары сияқты шамада жауапкершілікті алады.
 
                         9-бап
 
      1. Германия Федеративті Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне неміс тілін оқытудың барлық мәселелері бойынша қазақстан құзырлы орындарына білікті консультациялар ұсынатын және неміс тілін оқытушыларды және сабақтарды жекелеген пәндер бойынша неміс тілінде жүргізетін оқытушыларды іс жүзінде дайындауға қатысатын сарапшы-кеңесшілер мен сарапшы-жетекшілердің қызмет көрсетулерін беретін болады. Бұнымен қатар сарапшы-кеңесшілердің біреуі, міндетіне Қазақстан Республикасына герман оқытушыларын жіберуге байланысты принципті маңызы бар арнайы және әкімшілік мәселелерді реттеу кіретін реттеуші міндетін атқарады. Сарапшы-кеңесшілер мен сарапшы-жетекшілер қызметінің нақты жағдайлары Уағдаласушы Тараптардың келісімі бойынша жасалатын жұмыс нұсқаулығында реттелетін болады.
      2. 2-бапта көрсетілген оқытушылардың кез келген мекемелермен қызмет бабындағы хат-хабар алмасулары реттеуші арқылы жүзеге асырылады.
      3. Сарапшы-кеңесшілер мен сарапшы-жетекшілердің қызметіне ақыны Германия Федеративті Республикасы төлейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі олардан салықтар мен фискалды алымдарды алмайды.
      4. 5-7 баптардың қолданысы тиісінше сарапшы-кеңесшілерге және сарапшы-жетекшілерге таратылады.
 
                           10-бап
 
      1. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін мемлекеттік ішкі рәсімдерді орындағаны туралы өзара ноталармен алмасқан күннен бастап күшіне енеді. Күшіне ену күнін анықтау үшін шешуші - соңғы нотаның келіп түскен күні болып табылады.
      2. Осы Келісім шектеусіз мерзімге жасалды.
      3. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің күшін жоя алады. Бұл жағдайда Келісім бұл туралы екінші Уағдаласушы Тараптан нота алғаннан алты айдан кейін өз қызметін тоқтатады.
      4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Секретариатында осы Келісімді тіркеу туралы БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес құжаттың күшіне енген күннен бастап Германия Федеративті Республикасының Үкіметі өкім етеді. Екінші Уағдаласушы Тарап БҰҰ тіркеу нөмірін көрсету арқылы бұны БҰҰ

 

Секретариаты бекіткеннен кейін тіркеуді жүргізілгені туралы хабарланады.

     Бонн қаласында 1997 жылғы 26 қарашада әрқайсысы қазақ, неміс және

орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Қазақ және неміс тілдеріндегі мәтіндерді түсіндіруде пікір

алшақтықтары туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін негізгі болып

саналады.


     Қазақстан Республикасының            Германия Федеративті

          Үкіметі үшін               Республикасының Үкіметі үшін  





  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Үмбетова А.                                 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады