"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылдың 20 мамырына арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың барлық санаттарына көрсетілген жәрдемақыны тағайындауды аяқтасын және 1999 жылдың 1 маусымынан бастап оны төлеуді қамтамасыз етсін.
2. Коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін ұйымдастырушы-берушілерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарды үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері үшін уақтылы ақы төлемеуі кезінде (қалааралық сөйлесулерді қоспағанда) 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін айыппұлдар мен өсімақыларын босату мәселесін қарасын және осы қызметтерді көрсетуді ажыратып тастауға және тоқтатуға жол бермесін.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін ұйымдастырушы-берушілердің басшыларымен және адамдардың көрсетілген санаттарымен түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үстіміздегі жылдың
сәуір және мамыр айлары үшін төлемдерді ескере отырып, 1999 жылдың 1
маусымынан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді қаржыландыруды
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Үмбетова А.