"Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 сәуір N 430

      Мемлекет бастамашылығымен банкрот болып танылған "Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Конкурстық массаны сатудың:
      1) "Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
      2) "Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сатып алушының жылына 20 атаулы кемінде 500 дана ұста-пресс жабдығын жасауды қамтамасыз етуді;
      3) конкурстық массаның бастапқы бағасы бірінші, екінші және үшінші кезектегі кредитор талаптарының сомасынан кем болмауын;
      4) конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігі өкілдерінің қатысуымен сатуды;
      5) қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру және банкроттық рәсімін жүргізу уақытында зауыттың негізгі цехтарын іске қосуға дайындау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген инвестициялық бағдарламасы бар әлеуетті инвесторды тартуды;
      6) "Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық басқарушыға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шарттар жасасу құқықтарын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі ұста-пресс жабдығы өндірісінің мүліктік кешенін сатқаннан кейін бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру тапсырмасы туралы ұсыныс енгізсін.
      3. Конкурстық массаны сатып алушыларға:
      1) саудаға қатысу үшін кепілдік жарнасы әкімшілік шығыстары сомасының 100%-нен кем болмайтын;
      2) "Шымкент ұста-пресс жабдығы өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамы қызметінің бейінін 5 жыл бойы сақтайтын қосымша талаптар көзделсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Омарбекова А.Т.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады