1999 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 сәуір N 432

      Балалық шақты қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау, балалардың қадағалаусыз қалуының, тәртіп бұзушылығы мен қылмысының алдын алу, балалардың денсаулығын, қауіпсіздігін және шығармашылық дамуын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:
      1) балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени шаралар өткізуге көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастырсын және өткізсін;
      2) облыстардың, қалалардың, аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа деген сұранысын ескере отырып, балалар мен жасөспірімдердің демалысының, сауықтырылуының, жұмыспен қамтылуының үстіміздегі жылға арналған бағдарламасын әзірлесін және бекітсін;
      3) балалар мен жасөспірімдердің демалуы, сауықтырылуы, жұмыспен қамтылуы жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
      4) балаларды сауықтыру ұйымдарында қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
      5) бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балаларының, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз етсін;
      6) мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерді, мектептен тыс мекемелер жанындағы лагерьлерді, стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерьлерін, оқушылардың орман шаруашылығын ұйымдастырсын;
      7) жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, каникул кезеңінде уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде заңдарға сәйкес шаралар қабылдасын;
      8) жұмыссыздардың отбасы балалары үшін сауықтыру мекемелеріне тегін және жеңілдікті жолдамалар бөлуді қарастырсын;
      9) балалар мен жасөспірімдердің күндіз болатын лагерьлерінің жүйесін дамытуға жәрдемдессін;
      10) жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      11) жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасында жұмыс жүргізуге спорт мекемелерінің қатысуын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      1) балалармен және жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыруға мәдениет кәсіпорындарының және өзге де ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және жұмыспен

 

қамтылуын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетсін.

     3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

     1) балаларды тасымалдауда қауіпсіздікті және балаларды сауықтыру

ұйымдарында құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;

     2) оқушылардың каникулы кезеңінде жолдарда және көшелерде балалар

мен жасөспірімдердің жарақаттануын төмендететін алдын алу шараларын

қарастырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Омарбекова А.Т.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады