"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілген және Катар тарабымен алдын ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен Катар тарабымен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткенде, Келісімнің жобасына принциптік сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан аталған Келісімді жасассын.
3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрі Серік Мінуарұлы Бүркітбаевқа Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар
Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді жасасуға
өкілеттік берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.