Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 8-09-377/7 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік кіріс министрлігі белгіленген тәртіппен "Қазақстан алюминийі", "Соколов-Сарыбай" тау-кен-өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамдарының, "Қазхром" ұлтаралық компаниясының", оның тәуелді "Донской КБК", "Феррохром" акционерлік қоғамдарының және "Ақсу ферроқорытпа зауыты" филиалының заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 8-09-377/7 шешімінің негізінде өздерінің несиелік берешектерін есептен шығаруына және құнды қағаздар алуына байланысты пайда болған табыс салығы бойынша мәлімделмеген аванстық төлемдерді кірістерді бір мезгілде салық есебінде ай сайын бір қалыпты көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығында көзделмеген өсімақылар есептеместен төлеуін қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың заңды тұлғалардан табыс салығын өтеуінің, оның ішінде қосылған құнға салықтың бюджеттен өтелуін тиісті сомалары мен басқа да салықтар мен бюджетке міндетті төлемдердің
есебіне есептеу жүргізу жолымен, кестесін келіссін және бекітсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі З.Х.Кәкімжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.