Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 12 мамыр N 568. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1224 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан 
айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру туралы ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің              
1999 жылғы 12 мамырдағы       
N 568 қаулысымен           
бекітілген              

       Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы
    бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік
  жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру туралы
                        Ереже     

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудың және төлеудің тәртібін айқындайды. 

      

          І. Жалпы ережелер 

       1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың "Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңында көзделген негіздерде және тәртіппен мүгедектегі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақы) алуға құқығы бар. 
      2. Бір мезгілде түрлі жәрдемақы алуға құқығы бар әрбір адамға оның қалауы бойынша бір ғана жәрдемақы тағайындалуы мүмкін.

               

  II. Жәрдемақыларды тағайындау 

       3. Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқығы пайда болғаннан кейін, кез келген уақытта оны тағайындауға өтініш бере алады. 
      4. Жәрдемақыларды тағайындауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері (бұдан әрі - тағайындау жөніндегі өкілдіктер) арқылы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңымен белгіленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді. 
      5. Жәрдемақы құқығы бар адамдар тізбесін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тұратын жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) аудандық (қалалық) бөлімшелері арқылы, тағайындау жөніндегі өкілдікке жәрдемақы тағайындау туралы өтініш береді. 
      6. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарау оны тағайындауға өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күн мерзімде жүзеге асырылады. 
      7. Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі азаматтардың ұсынылған өтініштері мен құжаттарының негізінде Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшесі арқылы 5 күн мерзімде құжаттар мен жәрдемақы тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны тағайындау жөніндегі өкілдікке жолдайды. 
      8. Тағайындау жөніндегі өкілдік Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшесінен құжаттар мен шешімнің жобасы келіп түскен күннен бастап 5 күн мерзімде жәрдемақы тағайындау туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл шешімді Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшесіне береді. 
      9. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектік тобының, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелері санының өзгеруіне, зейнетақы тағайындау құқығының туындауына байланысты жүргізіледі. 
      Мүгедектік тобы асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген, зейнетақы төлемдеріне құқы туындаған кезде Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі жәрдемақының жаңа мөлшерін тағайындау туралы құжаттар мен шешімнің жобасын қайтадан дайындайды және тағайындау жөніндегі өкілдікке жолдайды. 
      10. Жәрдемақыны бір түрінен екіншісіне ауыстыру, жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар адамның өтініші негізінде, облыстық (Астана және Алматы қалалық) тағайындау жөніндегі өкілдіктің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 
      11. Жәрдемақы тағайындаудың мерзімдері мен ерекшеліктері "Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 5, 8-18-баптарымен реттеледі.

      

          ІІІ. Жәрдемақыларды төлеу 

       12. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылып келген заңдар бойынша мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша зейнетақылар және әлеуметтік зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған зейнетақының мөлшерінен кем емес мөлшерде жәрдемақы төленеді. 
      13. Жәрдемақылар төлеуді қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді қаржыландырудың тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайды. 
      Жәрдемақылар мен жерлеуге біржолғы жәрдемақыларды төлеу Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелері арқылы жүргізіледі. 
      14. Жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшесі Орталықтың республикалық бөлімшесіне қалалар мен аудандар шегінде жәрдемақылар мен жерлеуге біржолғы жәрдемақыларды төлеуге арналған тапсырыс ұсынады. 
      15. Жәрдемақыларды төлеу: 
      халықты әлеуметтік қорғау органдарына осы Ереже күшіне енгенге дейін берілген жәрдемақылардың тағайындалған мөлшерлері туралы құжаттардың; 
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдігінің жәрдемақы тағайындау туралы шешімінің; 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің тиісті қызметтері ұсынған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасыларына 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған жәрдемақылардың мөлшері туралы көшірмелердің негізінде жүргізіледі. <*> 
       Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N  1755  қаулысымен.   
      16. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда отбасының мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асыратын адамға жерлеуге жәрдемақы төлеу көзделеді. 
      Қайтыс болғандығы туралы құжаттардың және атқарушылық құжаттардың негізінде жерлеуге жәрдемақы төлеу, зейнетақы төлемдерінен ұстап қалу және оларды талапкерлерге аудару; 
      осы қаулы күшіне енгенге дейін халықты әлеуметтік қорғау органдары; 
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері; 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің тиісті қызметтері берген хабарламалар бойынша жүргізіледі. <*> 
       Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N  1755  
қаулысымен.  P011755_  
      17. Жәрдемақы алушылардың есебін жүргізу, қаржыландыру кестесін белгілеу, жәрдемақыларды алушылардың шотына есептеу және оларға жеткізіп беру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 
      18. Тұрақты түру үшін шетелге кеткен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жәрдемақы төлеу кеткен айы ескеріле отырып жүргізіледі. 
      19. Жәрдемақы алушыны бас бостандығынан айырған жағдайда, Орталық жәрдемақыны оны алушы адам жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіне аударады.
     20. Жәрдемақы төлеу аяқталған ай үшін жүргізіледі.
     21. Жәрдемақының есептелген, бірақ алушы талап етпеген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оны алу үшін өтініш жасағанның алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
     22. Жәрдемақы тағайындайтын немесе төлейтін органдардың кінәсі бойынша уақтылы алынбаған жәрдемақылардың сомасы өткен уақыт үшін қандай да болмасын мерзіммен шектелместен төленеді.     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады