Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 мамыр N 574. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1494 қаулысымен. ~P991494

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу

жөніндегі комитеті туралы ереже;
     2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу 
жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу 
жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 3 маусымдағы N 510 қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 152-құжат) күші жойылды деп 
танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
       міндетін атқарушы
     
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1999 жылғы 14 мамырдағы
                                       N 574 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Сырттан
          қарыз алу жөнiндегi комитетi туралы
                      Ереже
      
                 1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi құзыретiнің шегiндегi мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк емес мемлекеттiк кепiлдiгi бар сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды пайдалану саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндетті күшi болатын бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана 
жүзеге асырылады.
     Комитетке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау 
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасасуға тиым 
салынады.
     Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге 
асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер 
республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
     
             2. Комитеттiң негізгі міндеттері
     
     10. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi:


      1) мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды пайдалану саласында мемлекеттік саясаты iске асыруға қатысу;
      2) мемлекеттiк сыртқы заемдар мен кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттардың қаражаттарын пайдаланудың мониторингі;
      3) министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың мемлекеттiк сыртқы заемдардың және кейiннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттардың қаражаттарына жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларын үйлестiру болып табылады.

                      3. Комитеттің функциялары

      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған бюджетiнiң жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаттарына инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көлемдерiн айқындау және оларды Қазақстан Республикасының қоса қаржыландыруы бөлiгiнде ұсыныстар енгізедi;
      2) мемлекеттік сыртқы заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды берудiң шарттары мен мерзiмдерi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге қатысады;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, әдiстемелiк көмек көрсетедi, Халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донорлық агенттiктердiң ережелерi мен рәсiмдерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) мемлекеттiк сыртқы заемдарды пайдаланудың мониторингiн жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      6) мемлекеттiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердi бекiту үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлеуге қатысады;
      7) мемлекеттiк сыртқы заемдар мен кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттар туралы келiсiмдердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға қатысады;
      8) түпкi заемшылармен және қазақстандық екiншi деңгейдегi банктермен (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктермен) мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi несиелiк келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысады;
      9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі агенттiгiмен бiрлесiп мемлекеттiк сыртқы заемдардың, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың (келiсiм бойынша) және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттардың қаражатына қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жөнiндегi тендерлердiң (конкурстардың) дұрыстығын бақылайды, тиiстi әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      10) мемлекеттiк сыртқы заемдардың, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттардың қаражатын пайдаланудың есебi мен мониторингін жүзеге асырады;
      11) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген мемлекеттiк сыртқы заемдар, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттар қаражатының көлемiн игерудi реттеу мақсатында төлем құжаттарын (қаражаттарды алуға деген өтiнiмдердi) тексередi және қол қояды;
      12) мемлекеттiк сыртқы заемдарға, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде iрiктеуге қатысады;
      13) мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды пайдалану саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдауды жүргiзедi және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейді;
      14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                    4. Комитеттiң құқықтары

      12. Комитеттiң негізгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, донор-елдердiң өкiлдерiмен мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды пайдалануға қатысты техникалық келiссөздердiң хаттамасына, өзара түсiнiстiк туралы хаттамаларға, меморандумдарға қол қоюға;
      2) келiсiмдердiң шарттарына сәйкес мемлекеттiк сыртқы заемдар мен кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк инвестициялық жобаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында екiншi деңгейдегi банктерде және шетелдiк қаржы институттарында шоттар ашуға;
      3) екiншi деңгейдегі банктермен мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге агенттiк келiсiмдер жасасуға;
      4) Комитет тендер өткiзудiң донорлар белгiлеген тәртiбi (рәсiмi) бұзылған жағдайда тендерлердiң қорытындыларын жою жөнiнде шаралар қабылдауға, қажет болған жағдайда қайта бағалауды тағайындауды не қайта тендер өткiзудi белгiлеуге құқылы;
      5) донорлар тәртiптерiнiң (ресiмдерінің), жасалған келiсiм-шарттар талаптарының бұзылғандығы және мемлекеттiк сыртқы заемдардың, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттар қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, пайдаланушыларға мемлекеттiк сыртқы заемдар бойынша төлемдердi жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
      6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарды пайдалану саласында халықаралық деңгейде республиканың мүдделерiн бiлдiруге;
      7) министрлiктерден, ведомостволардан және жобаларды жүзеге асыруға қатысатын өзге де ұйымдардан мемлекеттік сыртқы заемдар қаражатының игерiлуi туралы есептер сұратуға және алуға;
      8) Комитеттiң құзыретiне енетiн мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      9) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

                     5. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлдермен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                6. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
      17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      18. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңдарға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне

тәртiптiк жаза қолданады;
     4) заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда 
Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
     5) бұйрықтарға қол қояды;
     6) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     19. Төрағаның орынбасарлары төраға белгілеген өздерінің 
міндеттері мен өкілеттіктерінің шегінде Комитеттің нормативтік сипаты 
жоқ бұйрықтарына қол қояды.
     
                7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің
                                         1999 жылғы 14 мамырдағы
                                         N 574 қаулысымен
                                               бекітілген
     
          Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі
            сырттан қарыз алу жөніндегі комитетінің
                        құрылымы
     
     Басшылық
     Жобаларды іске асыру басқармасы
     Қаржылық қызмет көрсету басқармасы
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д.
     Нарбаев Е. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады