"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 маусым N 682

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының

 

Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы

және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық

өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет

көрсету шарттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

                                                    Жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының

             Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей

            Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан

           Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық

          мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары

                       туралы келісімді бекіту туралы


     1. Алматы қаласында 1998 жылғы 12 қазанда жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық

мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісім

бекітілсін.

     2. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының

             Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей

            Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан

           Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық

              мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету

                            шарттары туралы

                              Келісім



 
       Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң орналасуы мен жұмыс жасауының тиiстi жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 1981 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын, сондай-ақ 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншiк қатынастарын реттеу туралы келiсiмдi назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                               1-бап
 
      1. Қазақстан Тарабы жалпы алаңы 4452 шаршы метр, Жандосов көшесi, 4-үйде орналасқан Ресей Тарабының есебiнен қайта жаңғыртылатын Алматыдағы үй-жайлар мен ғимараттарды Ресей Федерациясының бас консулдығын орналастыру үшiн Ресей Федерациясының меншiгiне бередi.
      Аталған үй-жайлар мен ғимараттар орналасқан жалпы алаңы 6780 шаршы метр жер учаскесi жылына 1 теңге мөлшерiнде жалға алу төлемiмен 49 жыл мерзiмге Ресей Тарабына жалға берiледi.
      2. Қазақстан Тарабы:
      Қазақстандағы Ресей Федерациясының Елшiлiгi үй-жайлар кешенiнiң Ресей Тарапының есебiнен жүргiзiлетiн құрылысы үшiн жалпы алаңы 15000 шаршы метр, Бараев көшесi бойынша орналасқан, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшiсi резиденциясының Ресей Тарабының есебiнен жүргiзiлетiн құрылысы үшiн, жалпы алаңы 5000 шаршы метр "Заречное" (бұрынғы "Буревестник" еңбек және демалыс лагері) поселкесіндегі орналасқан Астана қаласындағы жер учаскелерiн Ресей Тарабына бередi.
      Жалпы алаңы 20000 шаршы метр жоғарыда аталған жер учаскелерi жылына 1 теңге мөлшеріндегі жалға алу төлемiмен 49 жыл мерзiмге Ресей Тарапына жалға берiледi.
      3. Жер учаскелерiнiң орналасқан орны мен шекаралары (жоспарларда белгiленген (N 2,3 және 4-қосымшалар).
 
                             2-бап
 
      I. Ресей Тарапы Қазақстан Республикасының елшілiгi алып жатқан және жалпы алаңы 1871,9 шаршы метр болатын, Мәскеу қаласындағы Чистопрудный бульварында орналасқан 3а үйдi, 1,2 және 7-құрылыстарды және жалпы алаңы 1118,9 шаршы метр болатын 3-үй, 1-құрылыс орналасқан үй-жайлар мен ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншiгiне бередi.
      Чистопрудный бульварында орналасқан 3-үй, 2-құрылысты, алаңы 5113 шаршы метр үй-жайларды Қазақстан Республикасының меншiгiне беру туралы мәселе жеке келiсiмнiң тақырыбы болып табылады.
      Жоғарыда аталған үй-жайлар мен ғимараттар орналасқан, жалпы алаңы 6000 шаршы метр жер учаскесi жылына 1 рубль мөлшерiндегi жалға алу төлемiмен 49 жыл мерзiмге Қазақстан тарапына жалға берiледi.
      Аталған жер учаскесiнiң орналасқан орны мен шекарасы жоспарда белгiленген (1-қосымша).
 
                                3-бап
 
      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетілген үй-жайлар, ғимараттар және жер учаскелерi берешектерден, ауыртпалықтар мен үшiншi тұлғалардың құқықтарынан азат күйiнде берiледi.
 

                                4-бап



 
 
       Осы Келісімінің 1 және 2-баптарында аталған үй-жайлар мен ғимараттар елшiлiк орналасқан мемлекеттiң оларды сатып алуға артықшылық құқықтарын ескере отырып, сатылуы мүмкін.
      Сатылған жылжымайтын мүлiкке қатысты осы Келiсiмнiң қолданысы өздiгiнен тоқтатылады.
 
                               5-бап
 
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында аталған ғимараттардың меншік құқығын және жер учаскелерін пайдалану құқығын өзара негiзде бiр-бiрiне құқықтық ресімдеуді қамтамасыз етеді.
 
                              6-бап
 
      Құрылыстың мақсаттары үшiн Тараптардың тиiстi қызметтерi пайдаланатын дипломатиялық вализдерге арналған орындардың саны мен көлемiн уақытша ұлғайту көзделедi, осындай жолмен контейнерлерге ұзындығы 40 футқа дейiн көзге түсетiн сыртқы белгiлер салуға құқық берiледi, осыған байланысты бұл контейнерлер Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық вализдерге теңдестiрiлетiн болады.
 
                              7-бап
 
      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында аталғанынан тыс қызмет бабындағы және тұрғын үй-жайларды жалға алуды Тараптар тиiстi жекелеген шарттар бойынша жүзеге асырады.
 
                               8-бап
 
      Телефондарды, телетайптық байланысты, радио қондырғыларды пайдаланғаны үшiн, осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында аталған үй-жайлар мен ғимараттарды жөндеу мен күтiп-ұстау үшiн коммуналдық қызмет төлемдерi дипломатиялық өкілдiктер мен олардың қызметкерлерi үшiн елшiлiк орналасқан елдiң қолданылып жүрген нормативтерi мен тарифтерi бойынша жүргiзiледi.
      Осы баптың ережесi Чистопрудный бульвары, З-үй, 2-құрылыста орналасқан ғимаратқа қолданылмайды.
 
                              9-бап
 
      Тараптар құрылысы салынады деп белгiленген объектiлер қала құрылысының тұжырымдамасымен келiсiлген соң қабылдайтын мемлекеттiң аумағында өз объектiлерiнің құрылысына кiрiсе алады.
 
                              10-бап
 
      Тараптар өзара негiзде Тараптар мемлекеттердiң дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi қызметкерлерiн, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн жасанды тiс салу мен дәстүрлi емес медициналық қызметтерді қоспағанда, тиiстi мемлекеттiк медициналық мекемелер жүзеге асыратын медициналық қызмет үшін төлемдерден босатады.
 
                            11-бап
 
      Осы Келісім оның күшіне ену үшін қажетті тиісті мемлекетішілік

 

рәсімдерді Тараптардың орындағандығын растайтын соңғы жазбаша

хабардағы күннен бастан күшiне енеді.

     Осы Келiсiм 49 жыл мерзiмге жасалады және тиiстi кезең

аяқталғанға дейін кем дегенде 1 жыл бұрын Тараптардың бiрi өзiнiң осы

Келісім күшін тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда хабарлайтын уақытқа

дейiн осындай келесi кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.

     Алматы қаласында 1998 жылғы "12" қазанда әрқайсысы қазақ және

орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының

         Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін




  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Орынбекова Д.       








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады