Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 маусым N 694. Kүшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.12.14. N 1917 қаулысымен. ~P991917

      "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік

 

комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24

қыркүйектегі N 950 


P990950_
 

  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау

жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                      1999 жылғы 2 маусымдағы

                                       N 694 қаулысымен

                                             бекітілген


     Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi

            мемлекеттiк комиссиясы туралы ереже


                    1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады, қару-жарақты әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді экспорттық бақылау саласында ұсыныстар әзiрлейдi.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның шешiмдерi ұсыныстық сипатта болады.
 
                 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
 
      4. Комиссияның өз қызметi аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнінде ұсынымдар әзiрлеу;
      2) қару-жарақтың, әскери техниканың және екiұдай мақсаттағы өнiмнің

 

экспортына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

     3) экспорттық бақылау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын

жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

     4) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi халықаралық

режимдерге қатысуы жөнiнде ұсынымдар дайындау.


                  3. Комиссияның функциялары


     5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген

тәртiппен мына функцияларды жүзеге асырады:

     1) Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiнің жұмыс

iстеуiне және жетiлдiрiлуiне жәрдемдеседi;


 
       2) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанындағы Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегi Қазақстан Республикасының сараптама кеңесiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдерiн (Ядролық берермендер тобы, Ракеталық технологияларды бақылау режимi, Австралиялық топ, Вассенаар уағдаластығы және тағы басқалар) қатысу мүмкіндігін қарастырады;
      3) жаппай қырып жоятын қаруларды және оны жеткізетін зымыран құралдарын жасау кезiнде қолданылатын шикiзаты, материалдарды, жабдықтар мен технологияларды әзiрлеу, жаңарту және өндiру саласындағы экспорттық бақылау мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлейдi;
      4) экспорттық бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) әскери өндiрiстi конверсиялау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      6) көпжақты экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жайында ұсынымдар әзiрлейдi;
      7) экспорттық бақылауға жататын өнiмдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеудiң ережелерi мен тетiктерiн әзiрлеуге қатысады;
      8) экспорттық бақылауға жататын өнiмдер контрабандасының фактiлерi анықталған жағдайда қарсы әрекет ету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      9) экспорттық бақылауға жататын өнiмдер экспортының белгiленген ережелерiн бұзуға жол бермеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      10) үйлестiрiлген бақылау тiзiмдерiн және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспортына бақылаудың бiрдейлендiрiлген ережелерiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
      11) бақылау тiзiмдерiне енгізiлген жабдықтарды, шикiзатты, материалдар мен технологияларды үшiншi елдерге экспорттаудың ұлттық ережелерi мен рәсiмдерiн ТМД кеңiстiгiндегi интеграциялық құрылмаларға қатысушы мемлекеттермен үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      12) экспорттық бақылау саласындағы шетелдік тәжiрибенi зерделейдi;
      13) экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi экспорттау саласында даулы мәселелер туындалған кезде консультацияларды жүзеге асырады;
      14) ядролығын қоса алғанда, қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау жөнiнде шешiмдер қабылдау тетiгiн ұсынады.
 
                        4. Комиссияның құқықтары
 
      6. Комиссия өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттердi орындау кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне Республиканың стратегиялық мүдделерiн қорғау жөнiндегi ұсыныстарды табыс етуге;
      2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдардың қызметi үшін хаттамалар түрiнде шығарылатын ұсыныс сипатындағы шешiмдер қабылдауға;
      3) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге ұсыныстар енгiзуге және қатысуға;
      4) экспорттық бақылау жөнiндегі жұмыс топтары үшін, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың қызметi үшiн Комиссияның құзыретiне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеуге, өз отырыстарында олардың басшыларының есептерiн, ақпаратын, хабарларын тыңдауға, шикiзаттардың, материалдардың, жабдықтардың, технологиялардың және қызметтер көрсетудің жеке түрлерiнің экспортын бақылауды күшейту жөнiнде шұғыл шаралар қолдану туралы ұсыныстар беруге;
      5) мемлекеттiк басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажет материалдарды сұратуға;
      6) екіжақты және көпжақты негіздегі үкіметаралық ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдерді әзірлеуге және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
      7) экспорттық бақылаудың мәселелерiн пысықтау үшiн жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгiзуге құқылы.
 
                    5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
 
      7. Комиссияны оның Төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Комиссия Төрағасы болмаған уақытта оның өкiлеттiктерiн Комиссия Төрағасының орынбасары атқарады.
      8. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады және таратылады. Отырыстарға комиссия мүшелерi алмастыру құқығынсыз қатысады.
      9. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      10. Комиссияның жұмысы ағымдағы және келешектi жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет, оның жартысынан астам мүшелерi болған жағдайда өткiзіледi.
      11. Отырыс күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiмдер отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Шешiмдердi қабылдау кезiнде Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең дәрежелi болады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда Комиссия Төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
      12. Комиссия отырыстары күн тәртiбiнiң мәселелерiн қараудың

 

нәтижелерi (олардың әрқайсысы бойынша дауыс беру нәтижесiн көрсете отырып)

отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерi қол қоятын тиiстi хаттамаларға

енгiзiледi.

     13. Бұл хаттамаларға Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде -

Комиссия төрағасының орынбасары қол қояды.

     14. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша

ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол

өткiзiлгеннен кенiн хаттамаларды ресiмдейдi.

     15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Энергетика,

индустрия және сауда министрлiгi болып табылады.




     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Қасымбеков Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады