"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 маусым N 730

      Республикалық бюджетпен өзара есеп айырысуларды реттеу және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің және Мемлекеттік салық комитетінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 1/58 бірлескен шешімімен айқындалған ауыспалы құраушы тарифтен түсетін қаражатты бөлуді тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазТрансОйл" МТҰК ЖАҚ) 1996-1998 жылдардағы ауыспалы құраушы тарифтен алған қаражаты "ҚазТрансОйл" МТҰК ЖАҚ-ның қосылған құнға салынатын салықты (бұдан әрі - ҚҚС) қоса алғанда, мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді сатудан алған кіріс деп есептесін;
      ауыспалы құраушы тариф түрінде республикалық бюджетке аударылған қаражаттың сомасы ҚҚС-тың, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының және ауыспалы құраушы тариф түрінде алынған кірістен есептелген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдарының, сондай-ақ салықтар мен аударымдардың көрсетілген түрлері бойынша өсімақының есебіне төленген деп есептесін.
      2. "ҚазТрансОйл" МТҰҚ ЖАҚ-ы дивидендтік қордың ауыспалы құраушы

 

тарифтен алған таза пайдадан қалыптастырылған қаражаттың бөлігін

арналы мұнай объектілерін қайта жаңартуға және техникалық қайта

жарақтандыруға бағыттасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




       Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады