"Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 299 P990299_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Атырау облысының аумағы арқылы өтетін және "Энергоорталық - ЕС - Қазақстан" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын заңдарда белгіленген тәртіппен Атырау облысының
коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.