"Судьялар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әділет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының атын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 752

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Судьялар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әділет қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Біліктілікті арттыру институты" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады