Өсімдіктерді қорғау жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 798

     Республикада қалыптасып отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының шегірткелік зиянкестермен күрес жөніндегі төтенше жағдайды ескере отырып, сондай-ақ шегірткенің пайда болу ошақтарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1999 жылдың 20 маусымына дейін мерзімде "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990359_ Заңының 33 "Өсімдіктерді қорғау" бағдарламасында көзделген қалдық ақшаны бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 1999

 

жылдың 25 маусымына дейін мерзімде бір көзден сатып алу тәсілімен

242 343 000 (екі жүз қырық екі миллион үш жүз қырық үш мың) теңге сомасына

инсектицидтер мен қызмет көрсетулерді сатып алуды қамтамасыз етсін.

     3. Ақшаның мақсатты пайдаланылуын бақылау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


      Оқығандар:

         Омарбекова А.

         Орынбекова Д.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады