"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 803

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:
      1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен:
      реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі    

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады