1. "Орындау жазбаларының негiзiнде берешектерді өндіріп алу даусыз тәртіпте жүргізілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 565 P990565_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Орындау жазбаларының негiзiнде
берешектердi өндiрiп алу даусыз тәртiпте жүргiзiлетiн құжаттардың тiзбесiнде: мәтiнiндегi "борышкердiң ескертудi алғаны туралы қолхаты бар" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақта: үшiншi абзацтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 7-тармақта: бiрiншi абзацтағы "Азаматтардың" деген сөз "Заңды және жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "Орындау жазбасын" деген сөздiң алдынан "Жеке тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны үшiн берешектерiн өндiрiп алуға арналған" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Заңды тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны үшін берешектерін өндіріп алуға арналған орындау жазбасын алу үшiн: 1) телекоммуникация қызметтерін ұсынуға арналған шарт; 2) берешекті өтегені туралы талап; 3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме ұсынылады."; 14-тармақтың екінші абзацында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме"; 4) тармақша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Омарбекова А. Қасымбеков Б.