"Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының аэровокзалының өртенуін тексеру жөнінде Үкімет комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 шілде N 957. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 307 қаулысымен.

     "Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының  аэровокзалында өрттің шығу себебін анықтау және оның зардаптарын жою жөнінде шаралар қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының
аэровокзалының өртенуін тексеру жөнінде Үкімет комиссиясы (бұдан әрі - Үкімет комиссиясы) мына құрамда құрылсын:     

     Құлмаханов Шалбай       - Қазақстан Республикасының
                               Төтенше жағдайлар жөніндегі
                               агенттігінің төрағасы, төраға     

     Қалқабаев               - Қазақстан Республикасының Көлік,
     Ержан Шойбекұлы           коммуникациялар және туризм 
                               вице-министрі, төрағаның
                               орынбасары

     Комиссия мүшелері:     

     Әбілғазин               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Дәнияр Рүстемұлы          вице-министрі - Мемлекеттік мүлік
                               және жекешелендіру комитетінің
                               төрағасы     

     Есенов                  - Қазақстан Республикасының Көлік,
     Сұлтанбек Шахмарданұлы    коммуникациялар және туризм
                               министрлігі Көліктік бақылау
                               комитетінің төрағасы     

     Заяц                    - Алматы қаласы әкімінің бірінші
     Яков Игнатьевич           орынбасары     

     Нұрпейісов              - Қазақстан Республикасының
     Қайрат Айтмұхамбетұлы     Мемлекеттік кіріс вице-министрі     

     Бижігітов               - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Осман-Рүстембек           істер министрлігі Көліктегі ішкі
     Байкенжеұлы               істері шығыс басқармасының                                           бастығы     

     Нүриманов               - Қазақстан Республикасының ҰҚК
     Мақсұт Әнуарбекұлы        департаментінің бастығы (келісім
                               бойынша)     

     Нам                     - Қазақстан Республикасы Әділет
     Александр Григорьевич     министрлігінің Сот сараптамасы
                               орталығының бөлім бастығы
     Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.07.15. N  976 қаулысымен.
        2. Үкімет комиссиясы 1999 жылдың 20 шілдесіне дейінгі мерзімде Үкіметке "Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының аэровокзалында өрттің шығу фактісі бойынша қорытындыны қарап, оның зардаптарын жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныс енгізсін. 
      3. Үкімет комиссиясына өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың белгіленген тәртіппен мамандарын тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұрауға рұқсат етілсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады