Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін ақпараттандыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 шілде N 960

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін ақпараттандыру туралы Кеден органдарының қызметiн ақпараттандыруды жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кеден iсi туралы" Z952368_ заң күшi бар Жарлығының талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қаржы министрлiгі заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) "Акцепт" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Акцепт) бiрлесiп екi апта мерзiмде кеден органдарының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесiн құру бағдарламасының щеңберiнде қойылған жабдықтарға түгендеу жүргiзсiн және оның құнын айқындасын;
      барлық кеден декларацияларының электрондық көшiрмелерiн Акцептiң коммерциялық негізде ресiмдегенi үшiн 1997 жылғы 30 маусымнан бастап 1999 жылдың 1 шiлдесi аралығында түскен ақшаның жалпы сомасын айқындасын;
      2) 1999 жылдың 1 тамызына дейiн Мемлекеттiк кiрiс министрлігінің Кеден комитетi мен Акцепт арасындағы шартқа қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:
      кеден органдарының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесiн (бұдан әрi - жүйе) құруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi, жүйенiң жұмыс iстеуiне қажетті Акцепт мiндеттемелерiнiң бiр бөлiгiн қоса беру арқылы мемлекет меншiгіне беру;
      мемлекет тарапынан жүйенiң жабдықтары үшiн төлем ретiнде, бұрын оны пайдаланғаны үшiн жалдық төлемге жатқызылған сомаларды есептеу;
      жүк кеден декларацияларының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыру үшiн төлем есебiнен қайтарылмаған жабдықтарды қабылдау-өткiзу туралы актiге қол қойылатын күнге Акцептiң жүйелердi құру жөнiндегі шығыстар бөлiгiне кезең-кезеңмен төлем жасау көзделсiн;
      3) Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығында барлық кеден декларацияларының электрондық көшiрмелерiн коммерциялық негізде қалыптастыру жөнiндегi Акцепттiң эксклюзивтiқ құқық мәселелерiн түпкiлiктi реттегенге дейiн жүк кеден декларацияларының электрондық көшiрмелерi үшiн төлем ретiнде түскен барлық сомаларды осы шотқа есептей отырып, арнаулы шот ашуды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі белгiленген тәртiппен:
      1999 жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде балансына жүйелердiң жұмыс iстеуiне қажеттi жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi беру жүзеге асырылатын мемлекет 100 % қатысатын мемлекеттiк кәсiпорынды немесе акционерлiк қоғамды (бұдан әрi - Ұйым) айқындасын және (немесе) құрсын, ал 1999 жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде қабылдау-өткiзу актiсiн ресiмдей отырып, Акцептiң балансынан осы берудi жүзеге асырсын;
      1999 жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде жүйелердi одан әрi дамытуға арналған техникалық тапсырманы Мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегi комиссияның шешiмiмен түзетсiн және бекiтсiн;
      Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1999 жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде түзетілген және бекiтiлген техникалық тапсырмаға сәйкес жүйелердi құруды одан әрi қаржыландыру жөнiндегі нұсқаларды жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм минисгрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Ұйымға тиiстi лицензиялар берсiн және жиiлiктi олардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып бөлсiн.
      4. 1999 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi үшiн деректер алмасудың республикалық торабын құру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 294-а P97294a_ қаулысының 1,2,4,5,6-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және

 

бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгi Акцептi қызмет көрсетудiң осы түрi

бойынша рынокта үстемдiк жағдайын иеленетiн шаруашылық жүргiзушi

субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен, Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 294-а қаулысының жекелеген

нормалары күшiн жойған күннен бастап алып тастасын.

     6. Құпия.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады