Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 1002

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiне:
      608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы 10-бағдарламамен және 30-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
      "10 Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау
      30 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы";
      2) Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ аталған қаулымен бекiтiлген, заңға сәйкес мемлекеттiк мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi:

 

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі

агенттiгi" реттiк нөмiрi 29-жол, мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

1-жолмен толықтырылсын:

     "1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет

академиясы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.       









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады