Алматы қаласына, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына Өзбекстан Республикасынан берiлген табиғи газ үшін берешектердi өтеу мақсатында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы екiжақты ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен Yкiметаралық комиссияның 3-шi мәжiлiсiнiң шешiмдерiн (1999 жылғы 23 мамырдағы хаттама мен оған 1999 жылғы 11 маусымдағы толықтыру 1 тарау, 1-тармақ, ІI тарау) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" РМК), "Узтрансгаз" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Өзтрансгаз" АҚ) және "Узбекистон темир йуллари" мемлекеттiк акционерлiк темiр жол компаниясының (бұдан әрi - "Узбекистон темир йуллари" МАТК) арасында "Жамбылгаз" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Жамбылгаз" АҚ) мен "Оңтүстiкгаз" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Оңтүстiктаз" ААҚ) "Узтрансгаз" АҚ алдындағы 5 млн. АҚШ долларына баламды сомада берiлген табиғи газ үшiн берешектерi жөнiндегi құқықтарды (талап етулердi) беру және "Узбекистон темир йоллари" МАТК-ның көрсетілген темiр жол қызметтерi үшiн берешектерiн көрсетiлген сомаға өтеу туралы үш жақты шарт жасалуын қамтамасыз етсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi "Алматықалалықгаз" жабық акционерлiк қоғамының "Қазақстан-трактор" ашық акционерлiк қоғамымен 3 млн. АҚШ долларына баламды сомада Алматы қаласына берiлген табиғи газ үшiн "Узтарнсгаз" АК алдындағы берешегін Өзбекстан Республикасына аталған сомаға ДТ-75 маркалы тракторлар берудiң есебiне өтеу жөнінде шарт жасасуын және өзара есеп айырысуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1999 жылдың шiлдесiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-мен есеп айырысу үшiн төлем күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi теңгенiң ресми бағамы бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен Жамбыл облысының жергiлiктi бюджетiне 2244 мың АҚШ долларына баламды мөлшерде және Оңтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi бюджетiне 2756 мың АҚШ долларына баламды мөлшерде субвенциялар бөлсiн; үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн заңдарға сәйкес Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының бюджеттерiне субвенциялар болу жөнiнде түпкiлiктi есеп жүргiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" РМК-нiң Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнен осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген сомалардың түсуiне қарай қосылған құнға салық жөнiндегi берешектердiң толық және уақытылы жабылуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген сомада Қазақстан темiр жолы" РМК-ның алдындағы борыштарды өтеудi және облыстық бюджеттерге "Жамбылгаз" АҚ мен "Оңтүстiкгаз" ААҚ-дан пайдаланылған бюджеттiк қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алматы қаласының, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп өзара есеп айырысуларды жүргiзудi және өзбек жағымен Оңтүстiк Қазақстанға берiлген табиғи газ үшiн
берешектердiң өтелгендiгi туралы актiге қол қоюды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Ауыл шаруашылығы министрi Ж.С.Кәрiбжановқа
жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.