Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жай-күйін жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 шілде N 1038

      Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кезек күттiрмейтiн мұқтаждары есебiне Ақмола облысының әкiмiне 213 000 000 (екi жүз он үш миллион) теңге, оның iшiнде:
      130 000 000 (бiр жүз отыз миллион) теңгенi - N 2 Көкшетау аудандық

 

қазандығы кешенiн пайдалануға берудi аяқтау үшiн;

     83 000 000 (сексен үш миллион) теңгенi жылу тораптарын қалпына

келтiру үшiн бөлсiн.

     2. Ақмола облысының әкiмi бөлiнген ақшаны уақытылы игеру және

Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн

қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады