Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 31 шілде N 1088

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 618 P990618_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақстан Эксимбанкi" және "Ақмола қоры" жабық акционерлiк қоғамдарымен "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiндегi АҚШ Эксимбанкiнiң несиелiк желiсi шеңберiнде "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының алған несиесi үшiн оның берешегі бойынша соңғысының талап ету құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қайта табыстау шартын жасассын;
      2) "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiндегi АҚШ Эксимбанканiң несиелiк желiсi бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн 1996 жылғы 14 тамыздағы N 18/28/022-ДЗ-в, 1998 жылғы 7 мамырдағы N 2-I8/ДЗ-в және 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 25 кепiлдiк шарттары бойынша кепiлге берiлтен 630 "Джон Дир" астық жинау комбайндарын қоса алғанда, "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының мүлкiн өндiрiп алсын";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3) 4-6-тармақтар тиiсiнше мынадай редакцияларда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі мен Ауыл

 

шаруашылығы министрлiгі осы қаулының 1-тармағын орындауды аяқтағаннан

кейiн "Джон Дир" астық жинау комбайндарын облыстардың әкiмдерiне лизинг

шартымен 7 (жетi) жылға дейiн берудiң ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн";

     "6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне

жүктелсін.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады