Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 тамыз N 1127

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар

 

енгiзiлсiн:

     1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi

жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың

1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасында:

     "Республикалық меншiктегі шаруашылық серiктестiктер акцияларының

мемлекеттiк пакетiн (қатысу үлесiн) республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындармен басқару және оларға билiк ету жөнiндегi функцияларды бөлу"

кестесiнде:

     1 "ұлттық комиссиялар" санатында:

     14-реттiк нөмiрлi жолдағы "ЭИжСМ" деген сөз "АШМ" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     17-реттiк нөмiрлi жол "ККжТМ" деген сөзбен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2-реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:

     "17-1. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ (ҚМ) 100

     "17-2 "Мемлекеттiк қаржы жүйелерiне ақпараттық-телекоммуникациялық

қызмет көрсету орталығы" ЖАҚ (ҚМ, МКМ) 100",

     2 "көгілдір фишкалар" санатында:

     2-реттiк нөмiрлi жолдағы "("Қазақойл" ҰМҚ жарғылық капиталында

25%") деген сөздер алынып тасталсын;

     3-реттiк нөмiрлi жолдағы "("Қазақойл" ҰМК жарғылық капиталында

20,2%") деген сөздер алынып тасталсын;


 
       2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру бағдарламасын iске асыру және басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған шаралардың жоспарында:
      3-бөлімде, "Мемлекеттік мүлікке есеп жүргізу жөніндегі

 

мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу" деген

жолдағы "Үкімет қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы

Статистика жөніндегі агенттігінің қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады