Астана қаласының магистральдары мен орталық алаңын қайта жаңарту бойынша 1998 жылы орындалған жұмыстар үшін берешекті өтеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 тамыз N 1170

      "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Астана қаласының әкiмiне Астана қаласының магистральдары мен орталық алаңын қайта жаңарту бойынша 1998 жылғы орындалған жұмыстар үшiн "Горкоммунхоз" мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақстан жолдары" акционерлiк компаниясы алдындағы берешегiн өтеуге кезек күттiрмейтін мемлекеттiк мұқтаждарға 1999 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен 200 млн. (екi жүз миллион) теңге бөлсiн.
      2. Астана қаласының әкiмi "Горкоммунхоз" мемлекеттiк кәсiпорнының

 

"Қазақстан жолдары" акционерлiк компаниясы алдындағы берешегiн өтеу

бойынша есеп айырысу жүргізуiн қамтамасыз етсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бөлiнетiн

қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады