Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1197. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.09.23. N 1442 қаулысымен. ~P001442

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 352 P990352_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом

энергиясы жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1997 жыл 28 шілдедегі N 1182  

P971182_

  қаулысының 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 318-құжат) күші жойылды 
деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметінiң
                                             1999 жылғы 18 тамыздағы
                                                 N 1197 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
     
     Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң
                  Атом энергиясы жөнiндегі комитетi туралы
                              Ереже
     
                         1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Атом энергиясы жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету және атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң актілерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитет, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттік берiлетiн болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      480020, Алматы қаласы, Лиза Чайкина көшесi, 4.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң Атом энергиясы жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бекеттен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау нысанасына шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Комитетке заң актілермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсіне жiберiледi.

      2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      10. Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу;
      2) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      3) атом энергиясын пайдалану саласында тауарлар мен қызмет көрсетулердiң экспорты мен импортын мемлекеттік бақылау;
      4) тiзiмдерi, халықаралық ядролық қаруды таратпау режимдерiмен белгіленетін ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, арнаулы ядролық емес материалдар, өнiмдер, қос мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды, сондай-ақ иондаушы сәуле көздерi мен изотоптық өнiмдердi экспорттауды бақылау;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында ядролық және радиациялық қауіпсiздiктiң қамтамасыз етiлуін мемлекеттік қадағалау, атом энергиясын пайдаланатын объектілердегi аварияға қарсы жоспарлауды бақылау, сондай-ақ ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етiлуiн қадағалау.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) атом энергиясын қауіпсiз пайдалану саласында, оның iшінде техногендік және табиғи иондаушы сәулелердiң тұрғындар мен қоршаған ортаға мүмкiн зиянды әсерiн болдырмау және төмендету саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) атом энергиясын қолдану объектілер персоналы мен олардың орналасқан аудандарында тұратын және еңбек қызметiн жүзеге асыратын тұрғындарды қорғау, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын қолдану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының құқық меншiгіндегi ядролық, радиоактивтік және арнаулы ядролық емес материалдар, қос пайдаланыстағы материалдардың мемлекеттік бақылауын жүзеге асырады;
      3) ядролық, радиоактивтiк және арнаулы ядролық емес материалдар, қос пайдаланыстағы материалдар мен ядролық технологиялар және атом энергиясын қолдануға тиiстi басқа да тауарлар мен жұмыстардың экспорты мен импортын, оның iшiнде коммерциялық мақсаты мен коммерциялық емес өзгешелiкті аудару, сату, болмаса сатып алуды, бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын атом энергиясын пайдалану объектілерi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы есеп ұсынады;
      5) техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды қамтитын нормативтiк актiлердi әзiрлеудi ұйымдастырады, өз құзыретіндегi мәселелер бойынша оның ішінде атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын адамдарға қойылатын талаптар мен оларды жұмысқа жіберудің тәртібін белгілейді;
      6) жеке және ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік және нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      7) ядролық объектiлер мен қондырғылардың олардың жұмыс циклының барлық кезеңдеріндегі қауiпсiздiгiн негіздейтін материалдарды қарайды және келiседi;
      8) ядролық материалдардың мемлекеттiк есебiн жүргізедi және оларды сақтау, тасымалдау мен пайдалану кезiнде қорғауын қамтамасыз етудi қадағалауды жүзеге асырады;
      9) ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз етумен ядролық және энергияны қауiпсiз пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы басқа ұйымдарының Атом энергиясы жөнiндегі халықаралық агенттікпен (АЭХАГ) және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестіредi;
      10) авариялық байланысты ұйымдастыруды, аварияға қарсы жоспарлауды бақылауды, ядролық және радиациялық авариялар мен авариялық жағдайлар туралы мамандандырылған халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң қадағалау ұйымдарымен жедел ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      11) өз құзырындағы мәселелер бойынша зерттеу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастырады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
      12) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимінің шарттарын орындау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      13) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыруға және лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) атом энергиясын пайдалануға байланысты кез келген қызметті инспекциялауға және бақылауға, осы мақсатта атом энергиясын пайдалану объектілерiн және олардың қызметiн сипаттайтын құжаттарға кедергісіз қол жеткiзуге, сондай-ақ мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру мақсатында өлшеулер жүргізуге, сынама жасауға және алуға тиiстi аспаптар мен жабдықтарды орнатуға;
      3) ядролық қондырғының бiр бөлiгi ретiнде жоспарланып отырған ядролық отынның немесе құрылғылар мен жабдықтарды әзiрлеу жөнiндегi талаптарды бақылауды осындай iс-қимылды келiсу жолымен жүзеге асыруға;
      4) ұйымдар мен азаматтардан атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi бақылау мен қадағалауға, сондай-ақ Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi iске асыруға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды қандай бiр болмасын шек қоюсыз сұратуға және алуға;
      5) қызметкерлерге, халыққа немесе қоршаған ортаға тікелей қауіп тудыруға әкеп соғатын жағдайлар анықталған ретте заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселе қоюға;
      6) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдарды бұзған тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгiзуге;
      7) қызметi атом энергиясын пайдалануға байланысты мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
      8) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы

                      4. Комитеттің мүлкi

      13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитет өзiне бекiтілiп берiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдармен белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитеттің төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады,

Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және ол өз функцияларын жүзеге 
асыруға дербес жауап бередi.
     18. Комитет төрағасы осы мақсатта:
     1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерiнiң 
мiндеттерi мен өкiлеттігiн айқындайды;
     2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке алады
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу 
және оларға тәртіптiк шаралар қолдану туралы шешiмдер қабылдайды;
     4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
     5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     6) мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде Комитеттің
атынан өкiлеттiк етедi;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттіктерді жүзеге асырады.
     
              5. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

                                               Қазақстан Республикасы
                                                      Үкіметінің
                                               1999 жылғы 18 тамыздағы
                                                  N 1197  қаулысымен
                                                      бекітілген
     
                   Қазақстан Республикасы Ғылым және
                      жоғары білім министрлігінің
                 Атом энергиясы жөніндегі комитетінің
                             Құрылымы
     
     Басшылық
     Ядролық қауіпсіздік бөлімі
     Радиациялық қауіпсіздік бөлімі
     Ядролық материалдар және технологияларды бақылау бөлімі
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады