1. 1999 жылғы 3 маусымда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі беларусь жағын
Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шешім туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 65-құжат. 1999 жылғы 17 қарашада күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы тарихи қалыптасқан ғылыми-техникалық байланыстарды ескере отырып,
екi ел арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтуды, сөйтiп екi елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына үлес қосуды қалай отырып,
ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған келiсiмдердi басшылыққа ала отырып, оның iшiнде:
1995 жылғы 3 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгiн құру туралы келiсiм; Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы 1996 жылғы 17 қаңтардағы мәдениет, ғылым және бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiм арқылы Төмендегiлер жөнiнде уағдаласты: 1-Бап Тараптар тең құқықтық және өзара тиiмдi принциптер негiзiнде ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдеседi, оған тиiстi ұйымдық, құқықтық және қаржы-экономикалық жағдайлар жасайды. 2-Бап Осы Келiсiм аясындағы ынтымақтастық екi елдiң заңдары мен Тараптар жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 3-Бап Бiрлескен ғылыми-техникалық жұмыстардың бастамашылары министрлiктер мен басқа да орталық басқару органдары, ғылыми ұйымдар, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар, жоғары оқу орындары, екi ел ғалымдары болуы мүмкiн. Ынтымақтастықтың мазмұны, оның экономикалық және ұйымдастыру жағдайлары тiкелей Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының ынтымақтас ұйымдары арасында жеке келiсiмдер, шарттар және контрактыларға сүйене отырып келiсiледi. 4- Бап Ынтымақтастық мына нысандарда iске асырылады: екi елдiң ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру жөнiнде консультациялар өткiзу; бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын орындау;
бiрiккен ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, бiрлескен уақытша ғылыми ұжымдар, сондай-ақ жаңа техника мен технологияны игерудi қамтамасыз ететiн инновациялық кәсiпорындар ұйымдастыру;
екiншi Жақтың ғылыми-зерттеу мекемелерiнде жоғары оқу орындарында,
технопарктерiнде, өнеркәсiп кәсiпорындарында, бiрлескен далалық зерттеулер мен экспедицияларды қоса алғанда ғылыми жұмыстар жүргiзу; Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында орындалып жатқан ғылыми-техникалық әзiрлемелерге өзге Жақтың ғалымдары мен мамандарының қатысуы; бiрлескен семинарлар, ғылыми конференциялар, жұмыс бойынша кездесулер мен көрмелер өткiзу. Ынтымақтастық басқа да өзара келiсiлген нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн. 5-Бап Тараптар екi елдiң де ғалымдарын бiрегей және жаңа эксперименталды құрал жабдықтарды пайдалануға, сондай-ақ оны дайындау, шығару және сатып алуға бiрлесуге қол жеткiзудi қамтамасыз етуге көмектеседi. 6-Бап Ғалымдар мен мамандар екi ел аумағында болғанда да Тараптар қолайлы жағдайлар туғызуға, бiрлескен зерттеулер және әзiрлемелердi орындауда ғылыми-техникалық құжаттамамен, ғылыми құралдар мен жабдықтар алмасуға мүмкiндiк жасайды. 7-Бап Тараптар ғылыми-техникалық ақпарат саласында ынтымақтастықты дамытады, ғылыми-техникалық және ғылыми-көпшiлiк әдебиетпен алмасуға қолғабыс етедi. 8-Бап Ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн үшiншi елдер мен халықаралық ұйымдардан ұйымдар, мекемелер, ғалымдар, мамандар және сарапшылар шақырылуы мүмкiн. 9-Бап
Нәтижесi түгелдей не жарым-жартылай мемлекеттiк құпия болып саналатын, болмаса тараптардың бiрiнiң мемлекеттiк құпиясынан тұратын мәлiметтер пайдаланылған бiрлескен зерттеулер мен әзiрлемелердi жүргiзуде Тараптар осы елдердiң әрқайсысының қолданылып жүрген ұлттық заңдарын, сондай-ақ мемлекетаралық құпияларды сақтауды өзара қамтамасыз ету туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмдi басшылыққа алады.
10 -Бап
Бiрлескен зерттеулер мен әзiрлемелердi үйлестiру, сондай-ақ осы Келiсiмдi тиiмдi түрде iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-беларусь комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады, оны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң, сондай-ақ Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басшылары басқарады.
Комиссия шеңберінде екi елдiң мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатының, осы саладағы экономикалық және құқықтық реттеудiң мәселелерi бойынша консультациялар өткiзiлетін болады, сондай-ақ екi жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын келiсу жүзеге
асырылатын болады. Комиссия оралымдылық пен тиiмдiлiк талаптарына сай келетiн ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлi ұйымдық үлгiлерiн пайдалана алады. Комиссия өз мәжiлiстерiн жылына бiр рет Қазақстан мен Беларусьте кезекпе-кезек өткiзiп отырады. Комиссия өз қызметiн ұйымдастыру үшiн тиiстi ереже әзiрлеп, оны бекiтедi. 11 - Бап Осы Келiсiм тараптар жасасқан өзге халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерін қозғамайды. 12- Бап Өзара уағдаластық бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар осы Келісiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен рәсiмделедi. 13-Бап
Осы Келiсiмдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.
14-Бап
Осы Келiсiм Тараптар жағынан қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалуы жөнiнде соңғы хабарламаны алған соң күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады және Тараптардың бiрде бiрi екiншi Тарапты осы Келiсiм қолданысының тиiстi мерзiмi аяқталғанға дейiн алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа хабарламаған жағдайда аталған мерзiм өтiсiмен өздiгiнен келесi бес жылға ұзартылады.
Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату оған сәйкес iске асырылатын жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етпейдi. Минск қаласында 1999 жылғы маусымның 3 күнiнде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келісімнің ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаса орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Омарбекова А. Нарбаев Е.