Өскемен қаласының Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнын импортталатын тауарларға кеден бажын төлеуден босату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1210 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Өскемен қаласының Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны коммуналдық қызмет көрсетулерін есептеу аспаптарын әзірлеу үшін "Данфос" дат фирмасынан түсетін шығысөлшеуіштерге (ТМД СЭҚ ТН коды - 902610510), басқа да бөліктері мен керек-жарақтарына (ТМД СЭҚ ТН коды - 902690900), сынақ стендттеріне (ТМД СЭҚ ТН коды - 903120000) кеден бажын төлеуден босатылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады