"Протон" авариялық зымыран тасығышының Қарағанды облысына құлауының зардаптарын зерделеу жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындылары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1254

      "Протон" авариялық зымыран тасығышының Қарағанды облысына құлауының зардаптарын зерделеу жөнiндегi Үкiметтiк комиссия жұмысының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Протон" авариялық зымыран тасығышының Қарағанды облысына құлауының зардаптарын зерделеу жөнiндегi Үкiметтiк комиссияның есебiмен келiсiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгі Ресей тарабының үстiмiздегі жылдың 5 шiлдесiнде "Протон" зымыран тасығышының авариясынан Қазақстан Республикасына келген зиянды өтеуi және аварияның зардаптарын жоюға байланысты Қазақстан тарабы шеккен барлық негiздемелi және құжаттармен куәландырылған шығындарды төлеуi жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аварияның зардаптарын жоюға байланысты өтем төлемi қаражатының Қарағанды облысының әкiмi бекiткен сметаларға сәйкес мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан тарабы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкiметтiк комиссияларының бiрлескен мәжiлiсiне "Протон" зымыран тасығышының авариялық ұшырылуы жөнiндегi:
      Ресей тарабының "Протон" авариялық зымыран тасығышы құлаған аймақта тұратын адамдардың денсаулық жағдайына және дезаптациялық бүлiну деңгейiне мониторинг жүргiзуге 20 млн. теңге бөлуi туралы;
      Қазақстан Республикасының аумағында зымыран тасығыштың ұшатын трассасы бойында авариялық-құтқару отрядтарын құру және оларды iздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнаулы техникамен жарақтандыру туралы;
      зардап шеккендердi қабылдау және бiлiктi медициналық жәрдем көрсету үшiн жылжымалы медициналық базалық лагерь жиынтығын беру туралы;
      зымырандық-ғарыштық қызметті жүзеге асырған кездегi авариялардың зардаптарын жою жөнiндегi әрекеттердiң тиiстi бағдарламалары бойынша мамандарды оқыту туралы;
      ұшу трассасының бойындағы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының және санэпидстанциялардың арнаулы лабораторияларын судағы, ауадағы, топырақтағы, өсiмдiктердегi зымыран отынының құрамдас бөлшектерiн анықтау жөнiндегi тиiстi әдiстемелермен жабдықтау туралы мәселелердi енгiзетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгі:
      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың жоспарлы ұшырылуы алдында ұшу трассасының бойында орналасқан елдi мекендерде авариялық-құтқару отрядтары құрылымдары мен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметiн жоғары дайындық деңгейiне келтiрудi қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, ықтимал авария аймағына жататын елдi мекендерден эвакуациялау шараларын жүргiзу және көшiрiлген адамдарды қабылдау жағдайында, азық-түлiк запасын және уақытша тұрғын үйлердi жайластыру жөнiндегi материалдық ресурстар жасауды, тамақтандыру орындарын ұйымдастыруды, тиiстi құралдар мен аспаптардың болуын қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне:
      Ресей тарапы берген аварияның себептерi туралы және "Протон" зымыран тасығышының сенiмділiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы материалдарды және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi сараптама тобының қорытындысын ескере отырып, зымыранның авариясынан болған шығынның өтелуiне байланысты шаралар аяқталған соң "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылуына тыйым салуды тоқтату;

 

     бір ай мерзімде Ресей тарапымен "Байқоңыр" кешені қызметіндегі

қоршаған ортаны қорғау және "Протон" зымыран тасығышының бірінші буындары

құлайтын аудандарда зымыран отынының құрамдас бөлігінің қоршаған ортаны

нормативтен тыс ластағаны үшін төлемдерді енгізу мәселелерін сарапшылар

деңгейінде реттеу және тиісті үкіметаралық келісімнің жобасын енгізу

тапсырылсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады