Қазақстан Республикасының шетелдiк несие берушiлер алдындағы міндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ бұрын берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1992 жылғы 6 қарашадағы N 13-6/И-947, 1993 жылғы 10 мамырдағы N 26-15/116, 1993 жылғы 19 мамырдағы N 26-15/136, 1993 жылғы 7 маусымдағы N 26-15/8347, 1994 жылғы 3 маусымдағы N Ф22-3/38, 1995 жылғы 8 маусымдағы N Ф 22-3/8, 1995 жылғы 9 тамыздағы N Ф-22-31/11, 1995 жылғы 3 сәуiрдегі N Ф 22-3/5 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 000 000 1, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 000 000 3, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 000 0012, 1996 жылғы 19 қарашадағы N 000 0019 мемлекеттік кепiлдiктерiне және Әлембанк (бұрынғы Қазсыртқыэкономбанк) ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Австрия Федералдық Қаржы министрлiгiнiң арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келiсiмге Өзгерiске сәйкес, шетел банктерi шоттарының негiзiнде дәрменсiз заемшылар үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi (1, 2-қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгi бағам айырмасының өзгеруiн есепке ала отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттың шегiнде төлейтін болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегi қызметiне қаржылық-шаруашылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалану тәртiбін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгi банкроттық рәсiміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін атқармаған тұлғаларды өзге де жауапкершілікке тартуға дейін заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі мен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен атқарылған заемшыларға қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттің қаражатты қайтару жөнінде қабылданған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат беріп отырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 тамыздағы N 1267 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
__________________________________________________________________________
| Заемшы | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
| ұйым |валютасы| уақыты | сомасы | борыш
|________________________|________|______________|_______________|_________
Германия несие желісі

|"Екібастұзкөмір" МАҚ | EUR |03.05.99 |6 785,08 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
|"Екібастұзкөмір" МАҚ | DM |30.03.99 |1 087,88 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
|ҚР ІІМ ҚАКД | EUR |07.06.99 |177 118,74 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
|"Теплоприбор" АҚ | EUR |07.06.99 |1 200,47 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
|"Тұран Агро" фирмасы | EUR |07.06.99 |347,56 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
|"Актурбо" ААҚ | USD |01.06.99 |35 935,11 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
Жапония несие желісі
__________________________________________________________________________
|Қарметкомбинат | JPY |06.05.99 |54 769,00 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
Франция несие желісі
__________________________________________________________________________
|"Батыс" ААҚ | EUR |07.06.99 |1 231,43 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
__________________________________________________________________________
|Барлығы: | EUR | |186 683,28 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
| | USD | |35 935,11 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
| | JPY | |54 769,00 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
| | DM | |1 087, 88 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
таблицаның жалғасы
_______________________________________
|Проценттер |Басқалары |
|________________|______________________|
|0,00 |6 785,08 |
|________________|______________________|
|0,00 |1 087,88 |

|135 015,45 |42 103,29 |
|________________|______________________|
|0,00 |1 200,47 |
|________________|______________________|
|0,00 |347,56 |
|________________|______________________|
|0,00 |35 935,11 |

|0,00 |54 769,00 |

|0,00 |1 231,43 |
|________________|______________________|
|135 015,45 |51 667,83 |
|________________|______________________|
|0,00 |35 935,11 |
|________________|______________________|
|0,00 |54 769,00 |
|________________|______________________|
|0,00 |1 087,88 |
|________________|______________________|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 тамыздағы N 1267 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдерді өтеу
Сомасы
__________________________________________________________________________
| Заемшы | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
| ұйым |валютасы| уақыты | сомасы | борыш
|________________________|________|______________|_______________|_________
Австрия несие желісі
__________________________________________________________________________
|"Фосфор" ӨБ | USD |30.09.99 |16 631,00 |0,00
|________________________|________|______________|_______________|_________
Германия несие желісі
__________________________________________________________________________
|Павлодартрактор | EUR |01.09.99 |2 277 707,46 |1809499,47
|________________________|________|______________|______________|_________
|"Құрылысфарфор" АҚ | EUR |01.09.99 |754 695,55 |694771,51
|________________________|________|______________|______________|_________
|"Екібастұзкөмір" МАҚ | EUR |23.09.99 |1 970 571,06 |1658904,40
|________________________|________|______________|______________|_________
|"Азат" концерні | EUR |01.09.99 |1 538 890,14 |1312486,26
|________________________|________|______________|______________|_________
Чехия несие желісі
__________________________________________________________________________
|"Конденсат" АБК | USD |30.09.99 |1 778 876,86 |1666666,67
|________________________|________|______________|______________|_________
__________________________________________________________________________
|Барлығы: | USD | |1 795 507,86 |1666666,67
|________________________|________|______________|______________|_________
| | EUR | |6 541 864,21 |5475661,63
|________________________|________|______________|______________|_________
таблицаның жалғасы
_______________________________________
|Проценттер |Басқалары |
|________________|______________________|
|11 974,32 |4 656,68 |
|________________|______________________|
|468 207,99 |0,00 |
|________________|______________________|
|59 924,04 |0,00 |
|________________|______________________|
|311 666,66 |0,00 |
|________________|______________________|
|226 403,88 |0,00 |
|________________|______________________|
|112 210,19 |0,00 |
|________________|______________________|
|124 184,51 |4 656,68 |
|________________|______________________|
|1 066 202,57 |0,00 |
|________________|______________________|
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.