Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы
Үкіметінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек
туралы келісімге қол қойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасы
Yкiметiнiң арасындағы кеден iстерiндегі ынтымақтастық пен өзара
көмек туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Армения Республикасының Үкiметi,
достық қарым-қатынастарды, оның iшiнде кеден iстерi саласындағы ынтымақтастық арқылы да, дамытуға ниет бiлдiре отырып;
кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы жолымен Тараптардың арасындағы
жолаушы және жүк қатынасын дамыту мен жеделдетуге ықпал етуге ұмтыла
отырып;
кедендiк құқық бұзушылықтар Тараптардың экономикалық мүдделерiне
нұқсан келтiретiнiн ескере отырып;
кеден заңдарын сақтау және кедендiк құқық бұзушылықтармен күрес
Тараптардың кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы жағдайында неғұрлым табысты
жүзеге асатынын ескере отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мынаны
бiлдiредi:
"кеден заңдары" - Тараптардың тауарларды, жолаушылардың қол жүгi мен жолжүгiн, валюталық және басқа да құндылықтарды, халықаралық почталық жөнелтiлiмдердi әкелудiң, әкетудiң және олардың транзитiнiң, кедендiк баждарды, алымдарды және басқа төлемдердi алудың, кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер берудiң, тыйым салулар мен жеңiлдiктердi белгiлеудiң, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң кеден шекаралары арқылы тауарлардың тасымалдануын бақылаудың тәртiбiн реттейтiн Тараптардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жиынтығы;
"кеден қызметтерi" - Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдары;
"кедендiк құқық бұзушылық" - кеден заңдарын бұзу немесе бұзуға әрекеттену;
"тұлға" - жеке немесе заңды тұлға;
"есiрткi құралдары" - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге БҰҰ-ның 1961 жылғы есiрткi құралдары туралы Бiрыңғай конвенциясының тiзiмiне енгiзiлген заттар;
"психотроптық заттар" - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге БҰҰ-ның 1971 жылғы психотроптық заттар туралы Бiрыңғай конвенциясының тiзiмiне енгiзілген заттар;
"прекурсорлар" - халықаралық конвенцияларда есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды өндiру үшін пайдаланылатын химиялық материалдар ретiнде жiктелетiн заттар мен олардың тұздары;
"бақыланатын берiлiм" - есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары хабардар бола отырып және олардың қадағалауымен есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың топтамасын Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелуге, транзитiне немесе әкетуге жол берiлетiн әдiс;
"куәлiк" - тауарды ресiмдеу жүргiзiлген елдiң ұлттық заңдарына сәйкес тауардың iс жүзiнде ресiмделгенiн растайтын ресми құжат.
2-бап
Келiсiмнiң қолданылу аясы
Тараптар осы Келiсiмнiң негiзiнде және кеден қызметтерi арқылы өз
құзыретiнiң және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын сақтаудың
шегiнде:
а) Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы жолаушылар мен жүк
қатынастарын, сондай-ақ почта жөнелтілiмдерiн кедендiк бақылауды
жетiлдiру;
б) кеден баждарын, алымдарын және басқа да төлемдердi алудың,
сондай-ақ кедендiк жеңiлдiктердi қолданудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
в) кедендiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және тергеу;
г) екi мемлекеттiң арасындағы кедендiк ресiмдеудiң рәсiмдерiн
оңайлату мақсатында ынтымақтасатын болады.
3-бап
Кедендiк шарттылықтарды оңайлату
1. Кеден қызметтерi:
а) өзара келiсiм бойынша кедендiк ресiмдеудi оңайлату жөнiнде қажеттi
шараларды қабылдайды;
б) бiр-бiрiнiң кедендiк қамтамасыз ету белгiлерi (сүргiлер, мөрлердiң, мөртаңбалардың басылған таңбалары) мен кеден құжаттарын мойындайды, ал қажет болған жағдайда тасымалданатын тауарларға өздерінің кедендік қамтамасыз ету белгiлерiн соғады.
2. Транзитпен жол жүретiн тауарлар мен көлiк құралдары, жүктер, жолаушылардың жолжүгi, почталық жөнелтiлiмдер оларды әкелуге, әкетуге және транзитiне Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңдарына сәйкес тыйым салынған; кедендiк құқық бұзушылық орын алған немесе Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң ұлттық заңдарына сәйкес транзит кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету шартымен жүргiзілетiн жағдайларды қоспағанда, кедендiк тексеруден босатылады.
3. Ұлттық нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес транзиттiң ерекше тәртiбi белгіленген тауарлар кедендiк тексеруден босатылмайды.
4-бап
Куәлiктердi беру
1. Кеден қызметтерi бiр-бiрiне сұрау салу бойынша бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкетiлген немесе онда әкелiнген тауарлардың келесi Тарап мемлекетiнiң аумағына заңды негiздерде әкетiлетiнiн немесе әкелiнетiнiн растайтын куәлiктер бередi. Куәлiктерде оған сәйкес тауарлар ресiмделген кедендiк рәсiмдердiң түрi мен нәтижелерi көрсетiледi. Бұл сондай-ақ тауарлар екiншi Тараптың аумағынан қайта экспортталатын жағдайларға да қатысты.
2. Кеден қызметтерi бiр-бiрiне сұрау салу бойынша өздерiне бағынатын кеден органдары берген куәлiктер мен басқа да құжаттардың түпнұсқа болып табылатындығы және барлық қажеттi деректердi қамтитындығы туралы мәлiметтер бередi.
5-бап
Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз
айналымына қарсы күрес
1. Кеден қызметтерi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының алдын алу, тергеу және жолын кесу жөнiндегi iс-қимылдарды жандандыру мақсатында алдын ала сұрау салусыз және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бiр-бiрiне:
а) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қатыстылығы белгiлi немесе бұған күдiктi тұлғалар туралы;
б) контейнерлер мен почталық жөнелтiлiмдердi қоса алғанда олардың есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымы үшiн қолданылатыны белгiлi көлiк құралдары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдiстерi туралы хабарлайды.
2. Кеден қызметтерi алдын ала сұрау салусыз есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымында қолданылатын тәсiлдер, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдiстерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген Тараптан алынған мәлiметтер, хабарлар және құжаттар нашақорлық пен есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға берілуi тиiс.
4. Кеден қызметтерi Тараптар мемлекеттерi заңдарының негiзiнде және өзара келiсiм бойынша қажет жағдайда олардың заңсыз айналымына қатысты тұлғаларды анықтау мақсатында есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды бақыланатын әкелудің әдiсiн пайдаланады.
Тараптар бақыланатын әкелулер әдiстерiн пайдалану туралы шешiмдi әрбiр нақты жағдайда жеке қолдайды және қажет болған жағдайда Тараптардың қаржылық уағдаластығын ескере алады.
6-бап
Мәлiметтердi беру
1. Кеден қызметтерi сұрау салу бойынша өздерiнiң билігіндегi мәлiметтердi, оның iшiнде:
а) кеден баждарын, алымдарды және басқа да төлемдердi алуға, сондай-ақ кедендiк жеңiлдiктердi қолдануға байланысты жағдайлар туралы;
б) сұрау салушы Тарап мемлекеттiң кеден заңдарына қайшы келетiн, жасалған немесе дайындалып жатқан әрекеттер туралы хабарларды, хаттамаларды және өзге де материалдарды немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн салып жiберу жолымен бiр-бiрiне бередi.
2. Кеден қызметтерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, оның iшiнде алдын ала сұрау салусыз да оған қарсы күресте Тараптардың ерекше мүдделiлiгi бар мүмкiн болатын кедендiк құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтi бiр-бiрiне хабарлайды. Бұл бiрiншi кезекте:
а) қоршаған ортаға немесе халықтық денсаулығы үшiн қауiп төндiруi мүмкiн тауарларды;
б) қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш және улағыш заттарды, жару құрылғыларын;
в) маңызды тарихи, көркемдiк, мәдени және археологиялық құндылығы бар заттарды;
г) ерекше маңызы бар және Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес жоғары кеден баждары, акциздер және басқа да салықтар салуға жататын тауарларды өткiзу кезiндегi кедендiк құқық бұзушылықтарға қатысты.
7-бап
Құжаттарды беру
1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өзара кеден мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiмен алмасады және кеден заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы бiр-бiрiне дереу хабарлайды.
2. Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi екiншi Тарап мемлекетiнiң
кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша әкiмшiлiк органдардың кеден
заңдарының қолданылу мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң көшiрмелерiн бередi.
3. Осы бапқа сәйкес құжаттарды беру жөнiндегi сұрау салуларда осы
Келiсiмнiң 11-бабының 2-тармағының "д" тармақшасында көзделген талаптардан
айырмашылығы, iстiң мән-жайы сипатталмауы мүмкiн.
4. Құжаттардың алынғанын сұрау салушы кеден қызметi алынған уақытын
көрсете отырып растайды.
8-бап
Тәжiрибе алмасу және көмек көрсету
1. Кеден қызметтерi:
а) өз қызметiнiң тәжiрибесi мен бақылаудың техникалық құралдарын
қолдану туралы;
б) кедендiк құқық бұзушылықтарды жасаудың жаңа тәсiлдерi мен
құралдары туралы;
в) екi Тарап үшiн өзара мүдделiлiктi бiлдiретiн басқа да кеден
мәселелерi жөнiнде ақпарат алмасады.
2. Кеден қызметтерi кеден iсi саласында:
а) өзара мүдделiлiктi бiлдiретiн жағдайларда, сондай-ақ кеден
қызметтерi қолданатын техникалық құралдармен таныстыру мақсатында
қызметкерлер алмасуды;
б) қызметкерлердi оқытуды және олардың арнайы машықтарын жетiлдiрудi;
в) кеден мәселелерi бойынша сарапшылар алмасуды;
г) кеден мәселелерiне қатысты кәсiби, ғылыми және техникалық
мәлiметтер алмасуды қоса алғанда, бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
9-бап
Тергеу
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi келесi Тарап мемлекетi кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша осы Келiсiмнiң 2-бабының "б" және "в" тармақтарында көзделген мәселелер бойынша тексеру немесе тергеу жүргiзедi. Тексерудің немесе тергеудiң нәтижелерi осы Келiсiмнiң 6-бабының 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес сұрау салушы кеден қызметiне хабарланады.
2. Тексеру немесе тергеу сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген ұлттық заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Сұрау салынған кеден қызметi тексерудi немесе тергеудi өз атынан әрекет ете отырып жүргiзедi.
3. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiнiң лауазымды тұлғаларына мұндай тексерулер мен тергеулерге қатысуға рұқсат ете алады.
4. Бiр Тарап мемлекетiнiң лауазымды тұлғаларының осы Келiсiмде көзделген жағдайларда екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған кезеңде өздерiнiң ресми өкiлеттiктерi құжатпен расталған болуы және нысанды киiм кимеуi әрi қаруы болмауы тиiс.
10-бап
Сарапшылар мен куәгерлер
Егер бiр Тарап мемлекетiнің сот немесе әкiмшiлiк органдары қаралатын құқық бұзушылықтарға байланысты тиiстi сұрау салатын болса, онда екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi өз қызметкерлерiне осындай соттық немесе әкiмшiлiк талқыларға куәгерлер мен сарапшылар ретiнде қатысуға уәкiлеттiк бере алады. Бұл қызметкерлер өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде анықталған фактiлер бойынша айғақтама немесе қорытынды бередi. Соттық немесе әкiмшiлiк талқыларға қатысу туралы сұрау салуда сұрау салушы кеден қызметiнiң қызметкерi қандай iс бойынша және кiм ретiнде қатысатыны көрсетiлуi тиiс.
11-бап
Сұрау салулардың нысаны мен мазмұны
1. Осы Келiсiмнiң 9-бабының 1-тармағында көзделген сұрау салу жазбаша нысанда жолданады және сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң ресми тiлiнде, орыс тiлiнде не сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi үшiн қолданымды өзге тiлде жасалады. Сұрау салуды орындау үшiн қажет құжаттар
түпнұсқаларында, ресми куәландырылған көшiрмелерiнде немесе
фотокөшiрмелерде қоса берілуi тиiс.
2. Сұрау салу мынадай деректердi:
а) мүдделерi сұрау салудың негiзiнде жатқан кеден органының атауын;
б) сұрау салудың нысаны мен себебiн;
в) рәсімнің түрін;
г) рәсiмге қатысушылардың аты-жөндерiн, мекен-жайларын және олар
туралы басқа да деректердi;
д) iстiң мәнiнiң қысқаша сипаттамасын және оның заңдық бiлiктiлiгiн
қамтуы тиiс.
12-бап
Сұрау салуларды орындау
1. Кеден қызметтерi өз Тарабының заңдарына сәйкес өз
құзыретiнiң шегiнде сұрау салуларды орындауда бiр-бiрiне жәрдем көрсетедi.
2. Егер оны орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң егемендiгiне,
қауiпсiздiгiне залал келтiретiн, не ұлттық заңдарына немесе халықаралық
мiндеттемелерiне қайшы келетiн болса сұрау салуды орындаудан бас тартылады.
3. Сұрау салушы кеден қызметiне сұрау салуды орындаудан бас тартылуы
туралы, сондай-ақ бас тартудың себептерi туралы жазбаша нысанда дереу
хабарланады.
13- бап
Құжаттар
1. Сұрау салу бойынша түпнұсқа құжаттарды беру ресми куәландырылған
көшiрмелер мен фотокөшiрмелер жеткiлiксiз болған жағдайларда жүзеге
асырылады.
2. Түпнұсқа құжаттар мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде сұрау салынған
кеден қызметiне қайтарылуы тиiс.
3. Осы баптың ережелерiн қолдану кезiнде сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң немесе осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрілмеуi тиiс.
14-бап
Алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалану
1. Кеден қызметтерi осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтер мен құжаттарды тексерулер мен тергеулердi жүргiзу кезiнде өз хаттамаларында, хабарларында және өзге де материалдарда, қаралатын кедендiк құқық бұзушылықтарға байланысты сот немесе әкiмшiлiк талқыларында дәлелдеме ретiнде пайдалана алады. Осы мәлiметтерге сот немесе әкiмшiлiк талқыларында баға беру сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Сұрау салу бойынша берiлген мәлiметтер, хабарлар және құжаттар тек осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдаланылады және оларды берген кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiнсiз кiмге де болмасын берiлмейдi немесе өзге мақсаттар үшiн пайдаланылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты тәртiп бұзушылықтар туралы материалдарға қатысты емес. Мұндай ақпарат белгiленген мерзiмдерде есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын мемлекеттiк органдарға берiлуi тиiс.
15- бап
Құпиялылық
Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес алынған кез-келген ақпаратқа, құжаттарға немесе мәлiметтерге алушы елде оның өз аумағында алынған бұл елдiң осындай ақпараты, құжаттары немесе мәлiметтерi сияқты жариялаудан қорғау дәрежесi берiледi.
16- бап
Шығыстарды өтеу
1. Сұрау салушы кеден қызметi сұрау салынған кеден қызметiнде жұмыс iстемейтiн сарапшылар мен аудармашылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты осы Келiсiмдi орындау мақсатында орын алған шығыстарды сұрау салынған кеден қызметiне өтейдi.
2. Осы Келiсiмнiң 8-бабының ережелерiн орындауға байланысты
шығыстарды өтеу Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi арасындағы жеке
уағдаластықтың нысанасы болуы мүмкін.
17 - бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi
Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас
бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң
19-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
18 - бап
Даулы мәселелердi шешу
Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдауға байланысты Тараптардың арасында
пайда болған барлық даулы мәселелер консультациялар мен келiссөздер
жолымен шешiледi.
19 - бап
Келiсiмдi орындау
1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық тiкелей кеден қызметтерiнiң
арасында жүзеге асырылады.
2. Кеден қызметтерi өз құзыретiнiң шеңберiнде осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
3. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өз құзыреттерiнiң шеңберiнде екi жақты кеден қатынастарының бүкiл кешенi бойынша жекелеген келiсiмдер жасаса алады.
20-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісімнің ережелері басқа халықаралық шарттарға сәйкес
Тараптар мемлекеттері қабылдаған міндеттемелерді қозғамайды.
2. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және бес жыл
бойы қолданылады, одан кейін ол, егер Тараптардың бірде бірі тиісті мерзім
аяқталғанға дейін алты ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату туралы өзінің
тілегі туралы жазбаша нысанда мәлімдемесе, автоматты түрде келесі бес
жылға ұзартылады.
____________ қаласында 199 жылғы "__"___________ қазақ, армян және
орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей болып
табылады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған
жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.
Қазақстан Республикасының Армения Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.