Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 1999 жылдың 14 қыркүйегiнде Алматы қаласында Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi кеңеске (бұдан әрi - АӨСШК) қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуiн өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) қажеттi құжаттарды дайындасын және АӨСШК-ге қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерi кездесуiнiң бағдарламасын әзiрлесiн;
2) хаттамалық iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың кездесуге қатысуы үшiн қажеттi материалдарды дайындасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының негiзделген шығыс сметалары мен растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражаттың есебiнен АӨСШК-ге қатысушы елдер сыртқы iстер министрлерінің кездесуiн өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша) кездесуге қатысушыларды орналастыруды, көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің атынан қабылдау ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әуежайда, тұратын және баратын жерлерінде қатысушы елдер делегацияларының қауіпсіздігін, сондай-ақ жүру бағыттары бойынша ілесіп жүруді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрлігі белгіленген тәртіппен қатысушы елдер делегацияларының арнайы
ұшақтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
7. Алматы қаласының әкімі әуежайды, жүру бағыттарын және кездесулер
өткізілетін жерлерді тиісінше безендіруді қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.