Орталық атқарушы органдар басқармаларының кейбiр функцияларын орталықсыздандыру туралы талаптарды басшылыққа ала отырып және жергiлiктi атқарушы органдардың мүмкiндiктерiн зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жұмыс берушiлерге 1999 жылғы 1 қыркүйектен 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Атырау облысына шетел жұмыс күшiн тартуға эксперимент тәртiбiмен рұқсат беру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Атырау облысындағы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi өкілдiгiне тапсырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
Атырау облысындағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi өкiлдiгiнiң санын эксперимент кезеңiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi облыстық өкiлдiгiнiң саны лимитi шегiнде бiр бiрлiкке өсiрсiн;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Атырау облысы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi өкiлдігінiң маманын жұмыс берушiлерге шетел жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн - Атырау облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына iссапармен жiберсiн;
Атырау облысының әкiмiмен келiсiм бойынша Атырау облысына шетел жұмыс
күшiн тартуға жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң ережелерiн әзiрлесiн.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi Атырау облысының әкімімен бiрлесiп осы қаулының орындалуы
туралы 2001 жылдың 1 ақпанында баяндасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.