Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1385

      Қазақстан Республикасы мылтық ату жөнiндегi ұлттық құрама командасының 2000 жылғы Сиднейдегі (Австралия) ХХYII жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Спорт және дене тәрбиесi комитетi Республикалық спорттың қолданбалы түрлерi бойынша жоғары спорттық шеберлiк мектебiнiң балансына тегiн негiзде саны 10 (он) бiрлiк ТОЗ-36 (49) спорттық тапаншалар мен саны

 

900 (тоғыз жүз) мың дана "Экстра" винтовкалық оқтарын берсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгіленген

тәртiппен спорттық қарулар мен оларға спорттық оқтар алуға рұқсатты

ресiмдесiн және олардың одан әрi пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады