Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 1478

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1999 жылғы 15 қыркүйекте Болгария Республикасына баратын ресми сапарына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың жобасы жасалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады