Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын одан әрі жабу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 1479

      "Қарағанды көмір" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының (одан әрі - Қоғам) шахталары мен "Абай Көмір LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шахталарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, болуы мүмкін метан газының жарылуы мен жер асты өрттері салдарының болжамсыз апаттары мен авариялардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Қарағанды шахта тарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны арқылы заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның N 1 және 2 шахталарын 2000 жылдан бастап, аталған

 

Қоғамның N 3 шахтасын 2002 жылдан бастап;

     2) "Абай Көмір LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шахтасын

2001 жылдан бастап жабу жөніндегі техникалық шаралардың жүргізілуін

қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шаралар жоспарланған

жылдардағы республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат

есебінен және соның шегінде жүзеге асырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады