Қызылорда облысының бюджетіне субвенция бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 1480

      Қызылорда облысы бюджетiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету және жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің және Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегi орталық арқылы қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарына жалақы төлеу бойынша берешектi өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қызылорда облысының әкiмiне 1999 жылғы 15 қазанға дейiн Қызылорда облысының жергiлiктi бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің және Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегі орталық арқылы қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының жалақы бойынша берешектерiн өтеу үшiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте

 

көзделген қаражат есебiнен 200 000 000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерде

субвенция бөлсiн;

     заңдарға сәйкес ағымдағы жылдың аяғына дейiн Қызылорда облысының

бюджетiне субвенция бөлу бойынша түпкiлiктi есеп айырысу жүргiзсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады