Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі жекелеген шаралар

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1509 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Тауарлардың импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы"  Z980337_  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен осындай немесе тікелей бәсекелесті тауарлардың импорты кезінде отандық тауар өндірушілерге келтірілген (келтіру қаупі мүмкін болатын) айтарлықтай залалды анықтау мақсатында осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларға қатысты байыптауды бастасын. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі байыптау аяқталғанға дейін "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Кеден Одағының Интеграциялық комитеті мен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетін Қазақстан Республикасының мүмкін болатын қорғаныш шараларын қолдану мақсатында байыптауды бастау ниеті туралы құлақтандырсын.
      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                         1999 жылғы 30 қыркүйектегі
                                               N 1509 қаулысына
                                                    қосымша

      ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 294 қаулысымен.  P000294_  

         Осындай немесе тікелей бәсекелесетін тауарлардың
        импорты кезінде отандық өндірушілерге келтірілген
       (келтіру қауіпі мүмкін) айтарлықтай залалды анықтау
            мақсатында оларға қатысты байыптау рәсімі
                жүргізілетін тауарлардың тізбесі

     Тауарлардың атауы                          СЭҚ ТН коды

     Табиғи сульфат барийі                      2511 10 000
     Антифриздер мен мұздануға қарсы 
     дайын сұйықтар                             3820 00 000

     Оралымдардағы қаптағыш жабын материалдар   6807 10 100

     Толқынды шифер                             6811 10 000

     Тас жыныстарын немесе жер қабатын,
     басқаларды бұрғылау құралдары              8207 19 900

     Ортадан айналатын, басқа да тереңдіктік,   8413 70 210
     бір сатылы насостар 

     Ортадан айналатын, басқа да тереңдіктік,   8413 70 290
     көп сатылы насостар

     Шығару клапанының диаметрі 15 мм артық бір 8413 70 910
     сатылы ортадан айналатын басқа да насостар 

     Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер, өрт 
     сөндіргіш зат - массасы 21 кг. аспайтын*   8424 10 910-дан
     көміртегінің қос тотығы

     Көтергішті 3,2-ден 50 тоннаға дейін        8426 11 000-дан
     мақсаттағы электрлі магниттік, грейферлік 
     және металл тасымалдау үшін көпірлік
     жүк крандар* 

     Қуаты 1 кВа аспайтын трансформаторлар,     8504 31 900
     басқалары  

     Қуаты 1 кВА-н астам, бірақ 16 кВА-дан
     аспайтын трансформаторлар, басқалары       8504 32 900

     Қуаты 16 кВА-н астам, бірақ 500 кВА-дан    8504 33 900
     аспайтын трансформаторлар, басқалары

     Қуаты 500 кВА-дан астам трансформаторлар   8504 34 000

     Сұйық өлшегіштер                           9028 20 000

     Ауыспалы токқа арналған көп фазалы         9028 30 190
     электр энергиясын өлшегіштер 

     Ауыспалы токқа арналған бір фазалы         9028 30 110
     электр энергиясын есептегіштер 

     *- Тауардың номенклатурасы кодпен де, тауардың атауымен де
айқындалады. Белгіленген жағдайлар кезіндегі жұмыс үшін техникалық
параметрлер мен мақсаты тиісті жазбалармен расталуы тиіс: машиналар
мен жабдықтар үшін - бұйымның төлқұжатында немесе заводтық
сынақтардың сертификатында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады