"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 қазан N 1522. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен. ~P021036

      Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкiлеттік берiлген орган болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына 1-қосымшаға тиiстi өзгерiстермен бiрге Үкiмет шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 1-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
               1999.11.20. N 1756 қаулысымен. P991756_
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі

агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 
жылғы 29 маусымдағы N 892  

P990892_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі 
агенттігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" 
республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты уәкілеттік берілген орган 
болып табылады".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады