Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 қазан N 1560. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларын жекешелендіру бөлігінде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Министрліктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бір айлық мерзімде оларды жекешелендіру мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорының құрамына беру үшін, мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға бөлінген тұрғын үй-жайларды қоспағанда, азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұру үшін берілген бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлары бар жатақханалардың тізбелерін айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасы астанасының көшірілуіне байланысты Астана қаласына қоныс аударған министрліктердің, ведомстволардың \және өзге де мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тұруы үшін пайдаланылатын мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру 2003 жылдың 1 қаңтарынан бұрын жүзеге асырылмайды деп белгіленсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері белгіленген тәртіппен азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы өздері тұратын бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіруге арналған өтініштерін қабылдаудан заңсыз бас тарту фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 3, 48-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеде:
      кіріспедегі "пәтерлеріне (үйлеріне)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "пәтерлерді (үйлерді)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
      13-тармақтағы "пәтерін (үйін)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта:
      бірінші абзацтағы "пәтерлердің (үйлердің)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы "Пәтердің (үйдің)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайдың" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақтың бірінші абзацындағы "Пәтерді (үйді)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтағы "пәтерін (үйін)" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайды деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақтағы "Көп пәтерлі үйлердегі жекешелендірілген пәтерлер" деген сөздерден кейін "және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "1992 жылы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендірудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы N 2 P940002_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 4-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендірудің тәртібі туралы ережеде:
      3-тармақтағы "пәтерлерінің" деген сөзден кейін "және жатақханалардағы

 

бөлмелік тұрғын үй-жайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;

     6 және 7-тармақтардағы "пәтердің" деген сөзден кейін "немесе

жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайдың" деген сөздермен

толықтырылсын;

     9 және 10-тармақтардағы "пәтерді (үйді)", "пәтердің (үйдің)" деген

сөздерден кейін "немесе жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын

үй-жайды", "немесе жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайдың"

деген сөздермен толықтырылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады