Алматы қаласындағы төтенше жағдайдың зардабын жою үшін қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 қазан N 1576. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364 қаулысымен. ~P000364

      Кіші Алматы және Есентай өзендерінің салаларында Медеу аңғарында 1999 жылы 14 шілдеде болған сел тасқынының салдарын жою және Алматы қаласының аумағында қауіпті сел құбылыстарының алдын алу жөнінде кезектен тыс шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін

 

Алматы қаласының әкіміне 316 (үш жүз он алты миллион теңге, оның ішінде:

     1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін

мемлекеттік мұқтаждар үшін көзделген қаражат есебінен 260 (екі жүз алпыс)

миллион теңге;

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 56 (елу алты) миллион

теңге бөлінсін.



     2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз

етсін.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің

              1999.12.27. N 1991 қаулысымен. 


P991991_
 


     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады