Астана қаласы "Қазақстан коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік кәсіпорнының "Қазақстан жолдары" акционерлік компаниясының алдындағы кредиторлық берешегін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қазан N 1618

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабын, "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысын орындау үшін және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен құрылған Комиссияның шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешегін өтеудің есебіне "Қалалық коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласының қалалық магистральдары мен орталық алаңын қайта жаңарту жөніндегі орындалған жұмыстар үшін "Қазақстан жолдары" акционерлік компаниясының алдындағы 37 809 700 (отыз жеті миллион сегіз жүз тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасындағы кредиторлық берешегін өтеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген тәртіппен жоғарыда көрсетілген несиелік берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Астана қаласының әкімі "Республикалық деңгейде кредиторлық берешектерді өтеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі әкімшісі болып белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады