Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау және Стокгольм қаласы (Швеция) Округтік сотының "Юниверсал Саплай Компаниясы", "Айзенберг Экспорт Компании, Лтд" және "Эйша Хаус, Лтд" пайдасына Стокгольм қаласы Сауда Палатасының Төрелік институты (бұдан әрі - Төрелік институты) шығарған шешімге қарсы апелляцияны қарауы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен (бұдан әрі - Банк) Банктің Стокгольм қаласы Округтік сотының және жауапкерлер - Төрелік институты мен судья Ханс Данелиустың пайдасына 250 000 (екі жүз елу мың) швед кронасына баламды сомада қайта қайтарылып алынбайтын және сөзсіз кепілдіктер беру мәселесі бойынша шарт жасассын;
2) кепілдік ұсыну туралы шарт жасасуға байланысты шығыстарды төлеуді, ал қажет болған жағдайда банктік қызмет көрсетулерді қоса алғанда, берілген кепілдік бойынша міндеттемелерді өтеуді қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.