Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қараша N 1701

     "Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі" мемлекеттік мекемесін құру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы N 309 P990309_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен "Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі" мекемесінің жекелеген объектілерінің құрылысын аяқтау үшін 10 (он) миллион теңге бөлсін;
      бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады