Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1999 жылғы 28 мамырда Ташкент қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы елшіліктердің қызметіне байланысты мәселелерді өзара реттеу туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы елшiлiктердiң қызметiне байланысты мәселелердi өзара реттеу туралы Келісім Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып, құрмет тұту, теңдiк және өзара тиiмдiлiк рухында екi жақты достық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасының Ташкент қаласындағы елшiлiгiнiң және Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы елшiлiгiнiң қызметiне байланысты мәселелердi реттеуге өзара ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Өзбекстан Республикасының Үкiметi Ташкент қаласындағы Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң пайдалануына Чехов көшесi, 23 мекен-жай бойынша орналасқан, жалпы алаңы 1560 шаршы метр, жер учаскесi 3137 шаршы метр ғимаратты бередi.
Елшiлiк ғимаратының, жер учаскесi мен оның шекараларының дәлме-дәл орналасқан орны осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жоспар-үлгiде (1-қосымша) белгiленген.
2-бап
Қазақстан Республикасының Үкiметi Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасы елшiлiгiнiң пайдалануына Бөрiбаев көшесi 36-38 мекен-жай бойынша орналасқан жалпы алаңы 1570 шаршы метр, жер учаскесi 4036 шаршы метр ғимаратты бередi.
Елшiлiк ғимаратының, жер учаскесi мен оның шекараларының дәлме-дәл орналасқан орны осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жоспар-үлгiде (2-қосымша) белгiленген.
3-бап
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi беруге байланысты салықтардың барлық түрлерiнің және жалдау ақысынан өзбек тарабын босатады.
Өзбек тарабы осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi пайдаланғаны үшiн 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы Келiсiмнiң негiзiнде қазақстандық тараптың заңдарына сәйкес ресiмделiп, осы мүлiкті жалға алу шартын жасасқан күнге дейiнгі кезең iшiнде салықтар бойынша борыштарын және жалға алу ақысын төлеуден босатылады.
4-бап
Өзбекстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi беруге байланысты салықтардың барлық түрлерiнен және жалдау ақысынан қазақстандық тарапты босатады.
Қазақстандық тарап - осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi пайдаланғаны үшiн 1998 жылдың 9 желтоқсанынан бастап осы Келiсiмнiң негізiнде өзбек тарабының заңдарына сәйкес ресiмделiп, осы мүлiктi жалға алу шартын жасасқан күнге дейiнгi кезең iшiнде салықтар бойынша борыштарын және жалға алу ақысын төлеуден босатылады.
5-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көзделген жылжымайтын мүлiктi пайдалану құқығын екiншi Тарапқа берудi ресми ресiмдеудi өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес келтiрудi жүргiзедi және тиiстi құжаттар бередi.
Тараптар өздерiнiң пайдалануларына берiлген жылжымайтын мүлiктi осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдаланады. 6-бап Елшілiктердiң қызметкерлерi үшiн тұрғын пәтерлер беру Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арасындағы шарттар бойынша және осы мемлекеттер елшiлiктерiнiң өзара сыйластығы негiзiнде жүзеге асырылады. 7-бап Осы Келiсiмдi орындау барысында туындауы мүмкiн барлық дауларды Тараптар келiссөздер арқылы шешетiн болады. 8-бап
Осы Келiсiм бұзылған жағдайда Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жылжымайтын мүлiк 5 жыл мерзiмге жалдау ақысы мен салықтар алынбастан қазақстандық тарап атында сақталады. Бұл кезең 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1998 жылғы 9 желтоқсанда Ташкент қаласындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының елшілігіне берген кезге дейін Өзбекстан Республикасы елшілігінің Алматы қаласында болуы есепке алынып белгіленеді.
9-бап
Осы Келісім Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың бірі өзінің осы Келісім қолданысын тоқтату
ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарлаған күннен бастап 6 ай өткенге дейін күшінде болады. Әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде 1999 жылдың 28 мамырында Ташкент қаласында жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін негіз ретінде орыс тіліндегі мәтін алынады. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.