Спорт кешенінің құрылысына қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қараша N 1810

      "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысын іске асыру және спорт кешенінің бірінші кезегін уақытында тапсыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:

 

     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 1999 жылға

арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға

көзделген қаражаттың есебінен спорт кешенінің құрылысын қаржыландыру үшін

30 (отыз) миллион теңге бөлсін;

     бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз

етсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.           





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады