Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1844

      Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын одан әрі іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жапон компаниялары тобының (бұдан әрі - Топ) мүддесін білдіретін, "Марубени Корпорейшэн" компаниясы әзірлеген Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және Атырау облысы әкімінің келісімімен оң сараптамалық қорытындының алынуы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Топпен Жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын және шикі мұнай беру, қаржыландыру сызбалары және Жобаның жалпы құнын азайту

 

мәселелерін пысықтасын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ө.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады