Ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 желтоқсан N 1890

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Z980318_ Заңының 5-1-бабына, "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ , "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ және "Алматыметроқұрылыс" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1049 P991049_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналарға:
      1) Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия мақұлдаған жалпы сомасы 392 674 700 (үш жүз тоқсан екі миллион алты жүз жетпіс төрт мың жеті жүз) теңгелік тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы кредиторлық берешекті шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша 317 759 700 (үш жүз он жеті миллион жеті жүз елу тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бойынша 35 552 100 (отыз бес миллион бес жүз елу екі мың бір жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша 29 379 900 (жиырма тоғыз миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың тоғыз жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі бойынша 7 285 000 (жеті миллион екі жүз сексен бес мың) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бойынша 2 569 000 (екі миллион бес жүз алпыс тоғыз мың) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі бойынша 129 000 (жүз жиырма тоғыз мың) теңге сомасындағы берешекті өтеу есебінен өтеу туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына;
      2) Кредиторлық берешектерді өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия мақұлдаған сомасы 2 814 600 (екі миллион сегіз жүз он төрт мың алты жүз) теңгелік этно-материалдық парктің құрылысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы кредиторлық берешекті шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешекті өтеу есебінен өтеу туралы Астана қаласы әкімінің ұсынысына;
      3) Кредиторлық берешектерді өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия мақұлдаған сомасы 30 105 000 (отыз миллион жүз бес мың) теңгелік Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы "Алматыметроқұрылыс" ашық акционерлік қоғамының кредиторлық берешектерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешекті өтеу есебінен өтеу туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу бойынша "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген тәртіппен есептеме

жүргізуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады